Логарифмнің қасиеттеріне шолу жасау
Сабақтың тақырыбы
Логарифм және оның қасиеттеріне есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
-
1
Логарифм ұғымын және оның қасиеттерін қорытындылау; есептер шығару кезінде логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдану дағдыларын бекіту.
-
2
Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; іскерлік білімін және практикалық дағдыларын қалыптастыру.
-
3
Бар ақпаратты тиімді пайдаланып жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Білім мен дағдыны қорытындылау сабағы.
Өткізуші
Егізалиева Үміт.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындықты тексеру, назарды шоғырландыру және жұмыс тәртібін нақтылау.
2) Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың теориялық білімін сұрақ-жауап арқылы нақтылау:
-
Натурал логарифм дегеніміз не?
-
Неліктен теріс санның логарифмі анықталмайды?
-
Потенциалдау дегеніміз не?
-
Негізі e болатын санның логарифмі қалай анықталады?
-
Санның логарифмі деген не?
3) Логарифмнің қасиеттеріне шолу
Негізгі қасиеттерді еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдану тәсілдерін талқылау.
Ескерту: Қасиеттерді қолданғанда анықталу облысын (негізі оң, негізі 1-ге тең емес; аргументі оң) міндетті түрде тексеру қажет.
Қосымша
Материал: «Логарифм және оның қасиеттеріне есептер шығару» (жүктеу).