Сапарғали Бегалин Бала Шоқан әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жазушы туралы мәлімет беру, шығарманың мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық
Топпен жұмыс істеуге, өздігінен ой қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыландыру; танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігін кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Талдау
- Ой қозғау
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Тақта
- Шоқанның портреті
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын және сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ғабит Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесін толық оқып келу және талдау.
III. Жаңа сабақ
«Өзінің орыс жолдастарынан басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқуға түспей тұрып-ақ сурет сала білетін».
Н. Потанин
1) Автор туралы қысқаша мәлімет
Сапарғали Бегалин 1895 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Дегелең ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң, Семейдегі приходская школаны 1915 жылы бітіреді. Бала кезінен халық ауыз әдебиетін сүйсіне оқыған. Оның әдебиетке деген құштарлығы ерте оянып, балаларға арнап бірқатар шығармалар жазды. Солардың ішіндегі елеулілерінің бірі — «Бала Шоқан».
2) Ой қозғау
Ассоциация құру: Шоқан кім? Ол туралы не білесіңдер?
IV. Оқулықпен жұмыс
Шоқанның балалық шағы туралы не жазылған? Бұл туралы оқулықтағы мәтіннен білеміз.
- Оқушылар мәтінді кезекпен дауыстап оқиды.
V. Сөздікпен жұмыс
Төмендегі сөздерді дәптерге жазып, мағынасын меңгеру.
Күзек
Малдың күзгі жайылымындағы қоныс.
Әбдіре
Киім-кешек салынатын сандық.
Ықтияр
Өз еркі.
VI. Топтық жұмыс
1-топқа тапсырмалар
Сұрақтар- Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?
- Шоқан оларды қалай бағалады?
- Мысық неге сонша жасқаншақ болды?
- Мәтінге сүйене отырып, Мысыққа мінездеме беріңдер.
2-топқа тапсырмалар
Сұрақтар- Шоқан қандай бала? Мінездеме беріңдер.
- Шығармадан Шоқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Шоқанның бала кезіндегі көргені мен білгені болашақ өмірінде пайдасын тигізді ме?
- «Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы», — деген кімнің сөзі? Бұл сөздің маңызы неде?
VII. Сабақты бекіту
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» стратегиясы.
Мәтінде маған әсер еткен тұс
Дәйек сөз, оқиға, кейіпкер әрекеті.
Өз ой-пікірім
Түсіндіру, баға беру, қорытынды жасау.
VIII. Үй тапсырмасы
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін толық оқып келу.
IX. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.