Атлант мұхит

7-сынып • География

Еуразия материгінің ішкі сулары

Бұл сабақта Еуразияның ішкі суларының жер бедері мен климатқа тәуелділігі қарастырылады. Оқушылар өзендер мен көлдердің жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ Тынық, Үнді, Атлант және Солтүстік Мұзды мұхит алаптарының айырмашылықтарын түсіндіреді және меңгереді.

Сабақтың мақсаттары

  • Ішкі сулардың жер бедері мен климатқа байланысын көрсету.
  • Еуразия өзендері мен көлдерінің жалпы ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Мұхит алаптарының (Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік Мұзды) ерекшеліктерін ажырата білу.

Оқыту нәтижелері

  • Білімділік: Еуразияның ішкі сулары туралы жүйелі мәлімет алады.
  • Дамытушылық: Өз бетінше ойлау, қызығушылық пен зерттеушілік дағдысы дамиды.
  • Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға және су қорын қорғауға баулиды.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, тест, тірек-сызба, сұрақ-жауап, ойын элементтері

Көрнекіліктер

Глобус, Еуразияның физикалық картасы, слайдтар, проектор тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сынып тазалығын тексеру.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықты ұйымдастыру.

II. Өтілген тақырып бойынша «Зымыран сұрақтар»

Қайталау және шапшаң жауап беру

  1. 1. Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7 климаттық белдеу)
  2. 2. Біз қай материкте тұрамыз? (Еуразия)
  3. 3. Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (қоңыржай)
  4. 4. Ең аумақты климаттық белдеу қайсы? (қоңыржай)
  5. 5. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде созылатын белдеу? (субарктикалық)
  6. 6. Еуразияның ірі шөлдері орналасқан белдеу? (тропиктік)
  7. 7. Үндістан және Үндіқытай түбектері қай белдеуді қамтиды? (субэкваторлық)
  8. 8. Еуразия материгін неше мұхит суы шайып жатыр? (барлық мұхиттардың сулары)

III. Семантикалық кесте

Сипаттамаға сәйкес «+» белгісін қою

Сипаттама Экваторлық Тропиктік Қоңыржай Арктикалық
Ең көп аумақты қамтиды +
Аса ірі шөлдер орналасқан белдеу +
Ауа температурасы −40°…−50° шамасында болады +
Жауын-шашын өте мол түседі +

IV. Жаңа сабақ (§20): Еуразия материгінің ішкі сулары

Тақырыпты түсіндіру және картадан көрсету

Еуразия ішкі суға өте бай материк. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында орналасады. Материктің ішкі суларына өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар және тоң жатады.

Ішкі сулардың негізгі түрлері

  • Өзендер
  • Көлдер
  • Жер асты сулары
  • Батпақтар
  • Мұздықтар
  • Тоң (мәңгі тоң)

Өзен алаптары және мысалдар

Тынық мұхиты алабы

  • Амур
  • Хуанхэ
  • Янцзы
  • Меконг

Атлант мұхиты алабы

  • Дунай
  • Рейн
  • Висла

Солтүстік Мұзды мұхит алабы

  • Лена
  • Енисей
  • Обь

Үнді мұхиты алабы

  • Үнді
  • Ганг
  • Брахмапутра

Ішкі тұйық алап

  • Еділ
  • Жайық
  • Амудария
  • Сырдария

Ескерту: өзен алаптарын картадан (слайд арқылы) көрсету ұсынылады.

Көлдер (мысалдар)

Ладога Онега Венерн Веттерн Каспий Арал Байкал

Жер асты сулары

Су түрлері

  • Артезиан сулары
  • Минералды сулар
  • Радонды сулар

Таралу аймақтары (мысал)

  • Батыс Сібір
  • Солтүстік Кавказ
  • Қазақстан
  • Карпат
  • Орта Азия
  • Алтай
  • Моңғолия
  • Тянь-Шань

Батпақтар

Үлесі

Еуразиядағы батпақтар дүниежүзілік батпақтардың шамамен 80%-ын құрайды.

Көп таралған өңірлер

Батыс Сібір жазығы, Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаты және Балтық маңы.

Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі.

V. Бекіту

Білімді тексеру және дағды қалыптастыру

1) Географиялық диктант

  1. а) Су қоры жөнінен Еуразия ______ орында тұр.
  2. ә) Материктің 1/3 бөлігін ішкі ______ құрайды.
  3. б) Тынық мұхит алабына ______ өзені кіреді.
  4. в) Үнді мұхит алабына ______ өзені жатады.
  5. г) Атлант мұхиты алабына ______ өзені жатады.
  6. ғ) Солтүстік Мұзды мұхит алабына ______ өзенін жатқызамыз.
  7. д) Ішкі тұйық алапқа мына өзендер ______ жатады.

Керекті сөздер

тұйық алап, Ганг, Енисей, Сырдария, Амур, екінші, Амудария, Дунай

2) «Кім тапқыр?» ойыны

Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырсаңыз, Еуразиядағы өзен атаулары шығады.

  • Зяцны — ________
  • Алвис — ________
  • Айунд — ________
  • Мура — ________
  • Нүді — ________
  • Гнга — ________

Дұрыс жауаптар

Янцзы, Амур, Висла, Үнді, Дунай, Ганг

3) «Қай өзен артық?» ойыны

Берілген қатардан сол алапқа жатпайтын өзенді анықтап, астын сызыңыз.

а) Дунай, Хуанхэ, Висла, Рейн

ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей

б) Меконг, Висла, Амур, Янцзы

4) Кескін картамен жұмыс

Кескін картаға Еуразияның ішкі суларын (ірі өзендер, көлдер, негізгі алаптар) түсіріңіз.

Назар аударыңыз

Өзендердің мұхит алаптарын түрлі түспен белгілеу ұсынылады.

VI. Өзін-өзі бағалау

Ұпай Баға
33–35 ұпай 5
18–32 ұпай 4
0–17 ұпай 3

VII. Үй тапсырмасы

§20 тақырыбын оқу. Картадан Еуразияның негізгі өзендері мен көлдерін қайталап, олардың қай мұхит алабына жататынын кесте түрінде жазып келу.