Абай шығармаларына иллюстрация

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармаларына иллюстрация.

Сабақтың мақсаты

Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне (әніне) иллюстрация салу.

Тәрбиелік мақсаты

Эстетикалық талғамды жетілдіру; әсемдікті сезіне білуге, туған жерін, елін, табиғатын сүюге; салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Білімдік мақсаты

Пән арқылы көркем шығармаға терең мән беруге, мәтінді түсініп қабылдауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты

Шығарманы тұжырымдап, композицияны сауатты орналастыруға; елестету арқылы көркем бейнелеуге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Көрнекілігі

  • Абай портреті
  • Суретшілердің шығармалары
  • Акварель бояуы, қылқалам

Сабақ түрі мен типі

  • Түрі: дәстүрлі сабақ
  • Типі: аралас сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сурет салу
  • Талдау және салыстыру

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Музыка
  • Тарих
  • Математика

Жаңа технология

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Керекті құрал-жабдықтар

Сурет дәптері, акварель, қылқалам, палитра және т.б.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Кітап графикасы» тақырыбы бойынша түсінік беру және жұмыс талдау. Ертегі кітаптарын безендіру, мұқаба иллюстрациясын көрсету.

Пысықтау және бекіту: «Топтастыру» стратегиясы, сурет көрмесі (ертегі кітаптарының мұқабалары).

3) Жаңа сабақ: Абай шығармаларына иллюстрация

Жоспар

  1. 1 Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармалары.
  2. 2 Абайдың табиғат лирикасына шолу.
  3. 3 Әбілхан Қастеев шығармаларымен танысу.
  4. 4 «Желсіз түнде жарық ай» әнін жатқа айту және образын бейнелеу.

Негізгі тұлға

Абай (Ибраһим) Құнанбаев — 1845 жылы Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Әкесі — Құнанбай, анасы — Ұлжан. Төрт ұл: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан.

Болашақ ақын әжесі Зеренің аңыз-ертегілерін тыңдап, әзіл-оспаққа жүйрік, сөзге шешен Ұлжанның тәрбиесін көріп өсті. Балалық шағында жаттаған өлең-жырлары өмір бойы жадында сақталды.

Сұрақ-жауап және музыкамен жұмыс

Оқушылардан Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерін атау сұралады: «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз».

Сынып оқушылары музыка пәнінің мұғалімі Қуаттың сүйемелдеуімен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

Суретке талдау өлшемдері

  • Суреттің тақырыбы.
  • Негізгі ойды бейнелей білу.
  • Композициялық орналасуы.
  • Перспективалық заңдылығы.
  • Бояудың үйлесімділігі.

4) Сурет салу кезеңі

Оқушылар тақтадағы үлгі бойынша «Желсіз түнде жарық ай» тақырыбында иллюстрация салады. Аяқталған жұмыстар сынып көрмесіне қойылады.

5) Сергіту сәті

Су, су болған бояуым,
Қағаз бетін торлайды.
Шіркін сурет сабағы,
Мың құбылтып бояйды.

6) Жаңа сабақты бекіту

Венн диаграммасы арқылы «Абайдың өмірі» мен «шығармалары» тақырыптарын салыстырып, қорытындылау.

7) Үй тапсырмасы

  • Қыс мезгілін бейнелеу (сурет салу).
  • Жыл мезгілдеріне байланысты бір шумақ өлең құрастыру.

8) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен орындалған жұмыстары бағаланады.