Аяз атамызды шығарып салайық - Қош сау болыңыз аяз ата
Қош келдіңіздер!
Құрметті балабақша қызметкерлері, ата-аналар және бүлдіршіндер! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт, дендеріңізге саулық тілейміз.
Бүгінгі «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ертеңгілікті ашу сөзі
Ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі Әшірбекова Ұлжамал апайға сөз береміз.
Жаңа жылға арнау
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмеген де арманда —
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген —
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Өнер көрсетілімдері
Ән: «Үкілімай»
№2 «Балапан» тобының тәрбиеленушісі, MAMA MIA жобасының жеңімпазы Өмірзақ Рауанды «Үкілімай» әнімен ортаға шақырамыз.
Шырша айналасында хор
Барлығымыз шыршаны айналып ән айтып, Аяз атаны шақырайық: «Аппақ, аппақ жапалақтап…»
Аяз атаның келуі
Аяз ата сөзі
Ассалаумағалейкүм!
Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел,
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен тілдескен ел!
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!
Жарайсыңдар, балалар! Аяз атаға арнаған қандай сыйларың бар? Ақшақар екеуміз соны көруге алыстан келіп тұрмыз.
Жүргізуші
Аяз ата, біздің балалар тақпақ айтқысы келіп тұр. Тыңдап көрейік.
Балалардың тақпақтары
Дильназ
Вот пришёл Новый год, радуя нас,
Пусть будет радость — поздравляем вас!
Балжан
Тамаша, тамаша —
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Балауса
Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Жанель
Пусть Новый год принесёт вам счастье и радость!
Жылдың әнін бастайын —
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Айдана
Жаңа жылым әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті бақ әкелсін,
Достар, бізге де.
Би: Қазақ биі
Тобымыздың бишілері Асқар мен Жанельді қазақ биімен ортаға шақырайық.
Қарақат
Бақша іші мереке,
Ойын-күлкі, асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Рауан
Атқан таңмен атсын
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың.
Жаңа жылдық тілек —
Осы болсын бүгін.
Әлішер
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш —
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяулым
Басталарда жаңа жыл,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген —
Қош келіпсің, Жаңа жыл!
Айша
Аяз ата, қандайсың,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал тағып ап,
Балаларды алдайсың.
Әнге шақыру
Дильназ: «Катюша» әнімен ортаға шақырамыз.
Аяжан
Жаңа жыл, жаңа жыл —
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп бір бала жүр.
Мерей
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз —
Көптен күтіп сағынған.
Жансая
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау — қарлы шың.
Би: «Хлоп»
Аяулым: «Егеменді Қазақстан» әні. Бір топ бүлдіршінді «хлоп» биімен ортаға шақырамыз.
Қорытынды
Осымен бүгінгі «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Аяз атамызды шығарып салайық.
Қош сау болыңыз, Аяз ата!