Қызығушылықты ояту кезеңі

9

Қазақ әдебиеті (9-сынып)

Сабақ тақырыбы: А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту Әдіс: СТО (сын тұрғысынан ойлау) Көрнекілік: интерактивті тақта, плакат, слайд

Сабақ мақсаты

А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының идеясын ашу, оқушыларды поэманың мәніне терең бойлатуды ұйымдастыру.

Сабақ міндеттері

Білімділік

Поэманың тақырыбы мен идеясын түсіндіру.

Дамытушылық

Іздену қабілетін, мәнерлеп айту дағдысын, сөйлеу мәдениетін және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
  • «Мен саған…» тренингі.
  • Оқушыларды 6 топқа бөлу.

II. Қызығушылықты ояту кезеңі

«Ой шақыру» әдісі (таразы суреті)

«Бұл не?» деген сұраққа сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру: таразы, таразылау, ой таразысы, ақыл таразысы.

Абай атамыз:

Ойға түстім толғандым,

Өз мінімді қолға алдым…

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес, —

Демек, өз бойымыздағы қасиеттерді де таразылап көрейік.

III. Мағынаны тану кезеңі

1) «Ойлаудың 6 телпегі» әдісі

Ақ телпек

Статистикалық: деректерді талассыз келтіреді. Ескендір кім?

Сары телпек

Сәттілік: жағымды, сәтті қырларын атап көрсетеді.

Қара телпек

Сәтсіздік: сын көзбен қарап, поэмадағы кем тұстарды талдайды.

Көк телпек

Аналитикалық: талдау жасайды, мазмұнды жүйелейді, үзінділерді жатқа айтады.

Жасыл телпек

Шығармашылық: жаңа идеялар мен болжамдар ұсынады.

Қызыл телпек

Сезімтал: оқу барысында туған әсер мен эмоцияны тұжырымдайды.

2) Топтастыру

Негізгі ұғым: Ескендір

  • Мінез-құлқы, әрекеті, мақсат-мүддесі
  • Құндылықтары және ішкі қайшылықтары
  • Абайдың көзқарасы (идеялық түйін)
  • Қанағат пен ашкөздік тақырыбы

IV. Ой толғаныс кезеңі

RAFT стратегиясы

R — Рөл
Оқушы
A — Адресат
Бүгінгі заманның тойымсыздарына және Ескендірге
F — Формат
Хат, үндеу
T — Тақырып
Қанағатсыздық қайда апарады?

V. «Автор орындығы» стратегиясы

Оқушылар өз мәтінін оқып, ой қорытындысын сынып алдында негіздейді; тыңдаушылар сұрақ қойып, кері байланыс береді.

VI. Қорытындылау және бағалау

  • Поэманың негізгі идеясын жинақтау: қанағат пен ашкөздіктің адам болмысына ықпалын бағамдау.
  • Топтық және жеке жұмысты критерий бойынша бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

«Өзім туралы» тақырыбында эссе жазу.