Сейфуллиннің суреті, өмірбаяны

Әдебиеттік оқу Жаңа білім енгізу Дәстүрлі сабақ

Сабақтың тақырыбы

С. Сейфуллин — «Туған ел»

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларға С. Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру, өлеңдегі автордың ойын және идеясын ашу.
  2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәнерлеп және сауатты оқуларын жетілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
  3. 3 Туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, туған елдің табиғатын қорғауға әрі құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайдтар, нақыл сөздер

Әдісі

Көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг (слайд №1)

  • Балалар, жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн болмаса, жер бетінде не болар еді?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Тілек (слайд №2)

Көк аспанда Күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жатқа сұралатын өлеңдер:

  • М. Мақатаев — «Үш бақытым»
  • Д. Әбілев — «Туған тілім»

Бекіту сұрақтары:

  • М. Мақатаевтың өлеңі неге «Үш бақытым» деп аталған?
  • Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
  • Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

Түйін (слайд №3)

Екі өлеңде де ақындар ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке шақырады. Отан — туған жер.

Ойтолғау (слайд №4)

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек әркім өз сезімін әр түрлі жеткізеді: суретшінің тілі — бояу, музыканттың тілі — музыка, ал ақын-жазушының тілі — сөз.

III. Жаңа сабақ

Таныстыру

Туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері — Сәкен Сейфуллин.

Сұрақ: С. Сейфуллин кім? (слайд №5 — суреті мен өмірбаяны)

1) Мәтінмен жұмыс

Бүгін С. Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі. (слайд №6 — туған жер, табиғат суреттері)

2) Оқу түрлері

  • Жеке оқу
  • Тізбектей оқу
  • Абзац бойынша оқу

3) Өлең мазмұнын ашу

Сұрақ: Ақын туған даласын кімге теңейді?

Ескерту: (слайд №7) «Қазанның жиырма бесі. С. Сейфуллин. Туған ел»

IV. Дәптермен жұмыс

«Туған ел» тақырыбында 2–3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.

V. Сергіту сәті

«Тау ішінде» әнін тыңдату. Орындайтын жерлесіміз — Е. Базарбеков. (слайд №8–9)

VI. Поэзия минуты

Берілген үлгі бойынша өлең құрастыру:

Сарғайды …………
Сап-сары …………
Соңғы әнін …………
Құс кетті …………

VII. Суретпен жұмыс

Сұрақтар:

  • Суреттен нені көріп тұрмыз?
  • Елік, гүл, бұлт, шөп, көбелек, ағаш.
  • Осы заттардың атын 3 тілде айтып көріңдер.

Осыдан кейін кітап жабылады.

VIII. Ойын

«Қай зат артық?» (слайд №10)

Балалар, біз әрдайым табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік. Туған жерімізді қорғай білейік.

IX. Бекіту

Сұрақ

Сәкен кім?

Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер.

Сұрақтар

  • Қандай өлеңмен таныстық?
  • Өлеңде не туралы айтылған?

Ескерту: (слайд №11)

X. Үйге тапсырма

  • «Туған ел» өлеңін жаттау.
  • Тақырыпқа байланысты 5 мақал-мәтел жазу.

XI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, жауаптарының толықтығы мен шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.