Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
Маңғыстау облысы • Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжі, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы — Матжанова Айзада Бауржановна
Пәні: Құқық негіздері
Сабақтың тақырыбы
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы
Білімділік
Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығының мәнін терең түсіну.
Дамытушылық
Нарық жағдайында еңбек қатынастары бойынша құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, өз құқығын қорғауға және өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету.
Тәрбиелік
Еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Кестелер, постер
- Слайдтар
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Студенттермен амандасу, сабаққа даярлау.
- 2Кабинет тазалығына назар аудару.
- 3Студенттерді топқа бөлу: I топ — «Сенат», II топ — «Мәжіліс».
- 4Үй тапсырмасын сұрау.
Кезеңдер тізбегі
- I. Викториналық сұрақтар
- II. Шығармашылық жұмыс (кластер қорғау)
- III. Әрекет-қабілеттілік пирамидасы
- IV. Сөзжұмбақ шешу
- V. Жаңа сабақ
- VI. Қорытындылау
- VII. Бағалау
I. Үй тапсырмасын тексеру: викторина
Төмендегі сұрақтар екі топқа бөлініп беріледі. Жауаптар жақша ішінде көрсетілген.
I топ — «Сенат»
- 1. Сот төрелігінің құдайы Фемиданың қолындағы құралдар? (қылыш пен таразы)
- 2. «Жасасын біздің сот — әлемдегі ең ізгілікті сот!» деп кейіпкерлердің бірі айқай салатын фильм. («Кавказ тұтқыны»)
- 3. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы берілген қылмыс. (әйелді зорлау)
- 4. Жұмыс уақытының шамамен 20%-ын сот істерін қарауға арнайтын маман. (судья)
- 5. Қазіргі уақытта әлемнің 35 елінде заң жүзінде сақталған, ал 217 елде соңғы 10 жылда мүлде қолданылмаған жаза. (өлім жазасы)
- 6. Сот процесінде ең соңғы сөзді сөйлейтін адам? (айыпталушы)
- 7. Айыптының қылмысқа қатысы жоқ екенін дәлелдейтін акт. (ақтау үкімі)
- 8. Жазаны жеңілдету қағидасы. (гуманизм)
- 9. Қазақ қоғамында кісі өлтіруге қандай жаза қолданылған? (құн төлеу)
- 10. Қылмыс барысында зардап шеккен адам. (жәбірленуші)
II топ — «Мәжіліс»
- 1. ҚР ҚК-де белгіленген жазаның ең ұзақ мерзімі. (30 жыл)
- 2. Соттың айыптау үкімі шыққан адам. (сотталушы)
- 3. Сот үкімін орындайтын лауазымды тұлға. (сот орындаушысы)
- 4. Сот үкімінің күшіне ену мерзімі. (үкімде көрсетілген мерзім)
- 5. Қылмыстық істі қозғаудың негізі. (қылмыстың жасалуы)
- 6. Лаңкестік қылмысы үшін жауапкершілік басталатын жас. (14 жас)
- 7. Қылмыс туралы заттай дәлелдемелерді ашумен айналысатын ғылым. (криминалистика)
- 8. Арнайы білімді талап ететін мәселені зерттеуші. (сарапшы, эксперт)
- 9. Оқиғаның барысы мен нәтижесін куәландыру үшін тергеу әрекетіне қатысатын адам. (куәгер)
- 10. Іске қатысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария ететін тұлға. (куә)
II. Шығармашылық жұмыс: кластер қорғау
I топ — Конституция
- «Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда «бекіту», «орнату» деген мағынаны білдіреді.
- 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды.
- Мемлекеттің Ата заңы.
- 9 бөлім, 98 бап.
- Қоғамдық құндылықтарды жүйелейтін ықшам, мазмұны терең құжат.
II топ — Әкімшілік құқық
- Құқық саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейді.
- Әдетте екі тарап қатысады.
- Жауапкершілікті және құқықтық салдарды талап етеді.
- Құқықбұзушылықтың алдын алу және оны қарау механизмдерімен байланысты.
III. Әрекет-қабілеттілік пирамидасы
Жас ерекшеліктеріне байланысты құқықтар мен мүмкіндіктердің кезең-кезеңімен кеңеюі.
- 40 жас Президент болу
- 30 жас Сенат депутаты болу
- 25 жас Мәжіліс депутаты, полиция, сот саласында қызмет ету
- 20 жас Мәслихат депутаты болу
- 18 жас Сайлау құқығы, некеге тұру
- 17 жас Өсиет жазу құқығы
- 16 жас Төлқұжат алу, еңбек ету құқығы, қылмыстың көп түрі бойынша жауаптылық
- 15 жас Рұқсатпен жұмыс істеу
- 14 жас Қылмыстық жауаптылық (жекелеген құрамдар), еңбекақыға иелік ету
- 10 жас Асырап алуға/қорғаншылыққа келісім беру, ата-ананың бірімен тұруды таңдау
- 6–7 жас Тұрмыстық келісімдерге қатысу, мектепке бару құқығы
- 0 жас Туу және құқық қабілеттілігіне ие болу
Негізгі ой
Өз құқығыңды біл — бұл қауіпсіздік пен жауапкершіліктің бастауы.
IV. Сөзжұмбақ шешу
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма (сабақта орындалады).
V. Жаңа сабақ: еңбек құқығы және еңбекті қорғау
Еңбек құқығы дегеніміз не?
Еңбек құқығы — еңбек нарығы үдерісінде жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкердің еңбек қатынастарын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының негізгі мақсаты — жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасындағы қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Құқықтық еңбек қатынастарының ерекше белгілері
- Қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді.
- Еңбек ұжымына кіру ерекше заңды факт арқылы (әдетте еңбек шарты) жүзеге асады.
- Қызметкер ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті.
- Қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұнын құрайды.
Қызметкердің құқықтары
- 1Еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға.
- 2Жұмыс берушіден еңбек шарты мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуын талап етуге.
- 3Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға.
- 4Шарттарға сәйкес жалақыны уақтылы және толық көлемде алуға.
- 5Бос тұрып қалу үшін заңға сәйкес ақы алуға.
- 6Тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына.
- 7Кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және біліктілігін арттыруға.
- 8Еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне.
- 9Кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне.
- 10Өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғауға.
- 11Бірдей еңбек үшін кемсітусіз бірдей ақы алуға.
- 12Еңбек дауын шешу үшін келісім комиссиясына немесе сотқа жүгінуге.
- 13Өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда, тікелей басшыны немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар етіп, жұмысты орындаудан бас тартуға.
- 14Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға.
Қызметкердің міндеттері
- 1Еңбек міндеттерін шартқа сәйкес орындау.
- 2Еңбек тәртібін сақтау.
- 3Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
- 4Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау.
- 5Адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе мүліктің сақталуына қауіп төндіретін ахуал, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау.
- 6Еңбек міндеттерін орындауға байланысты белгілі болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу.
- 7Жұмыс берушіге келтірілген зиянды заңға сәйкес өтеу.
Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
Құқықтары
- Жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне.
- Еңбек шартын заңда көзделген негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға.
- Өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға.
- Қызметкерлерден еңбек шарты талаптарының орындалуын талап етуге.
- Қызметкерлерді көтермелеуге, тәртіптік жаза қолдануға және материалдық жауапкершілікке тартуға.
- Қызметкер келтірген зиянның өтелуін талап етуге.
- Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге.
- Қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге.
- Шартта көзделсе, оқытуға жұмсалған шығындарын өтеуді талап етуге.
Назарға
Еңбекті қорғау — тек талаптар жиынтығы емес, тараптардың құқықтары мен міндеттері арқылы нақты іске асатын құқықтық тетік. Бұл тетік еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және даулардың алдын алуға бағытталған.
Жеке еңбек шарты
- Белгісіз мерзімге жасалуы мүмкін.
- Белгілі бір мерзімге — әдетте бір жылдан кем емес уақытқа жасалуы мүмкін.
Еңбек шартын тоқтатудың негізгі негіздері
- Тараптардың келісімі бойынша.
- Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы.
- Жұмыс берушінің бастамасы бойынша.
- Қызметкердің бастамасы бойынша.
- Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар.
- Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы.
Еңбек қатынастары: қысқаша анықтама
Еңбек қызметі барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары — әдетте жеке еңбек шарты және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
VI–VII. Қорытындылау және бағалау
Қорытынды
Сабақтың негізгі өзегі — еңбек құқығының рөлін түсіну, еңбек қатынастарының белгілерін ажырату, сондай-ақ қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін нақты білу арқылы қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру.
Бағалау және материалдар
- Бағалау сабақ барысындағы тапсырмалар нәтижесіне сүйенеді.
- Слайдтарды жүктеу (қосымша материал).