Кім сөз өргіш, Кім сүйрік
ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, Гагарин атындағы орта мектеп КММ
Биология пәні мұғалімі: Шкибаева Майра Кабеновна
Сабақтың тақырыбы
Сезім мүшелерін қорытындылау сабағы
Мақсаты
- Сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметін оқып-үйрену.
- Оқушылардың білімін өлең-сөз арқылы еркін жеткізуге баулу.
- Тақырыпты қорытындылау.
Сабақтың түрі
Жұмбақ айтыс
Көрнекіліктер
- Сезім мүшелерінің суреттері
- Сызбалар
- Дәрігерлік кеңеске арналған сызба-кесте
Сабақ барысы
- 1 Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
- 2 Ойын топшаларын ұйымдастыру.
- 3 Қазылар алқасын құру.
- 4 Көрермен-қолдаушыларды тарту.
Үй тапсырмасы
Тақырыпқа байланысты өлең, мақал-мәтел, жұмбақтар дайындау.
Топтарға бөлу
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Әділқазылар алқасына
Кім тез тапқыш, кім жүйрік?
Кім сөзге өргіш, кім сүйрік?
Анықтаңыз дәлірек, құрдасыңның талабын.
Кім әлсіздеу, әлдірек — әділдікпен қараңыз.
Ойыншыларға
Сұрақ қойдым бәріңе — үлкен, кіші, кәріңе:
Кімдер бұрын оянады алакөуім сәріде?
Қане, айтыңдар: кімнің қандай пайдасы бар?
Тіршілікке адамның алуан түрлі айласы бар.
Оқушылар жауабы (үзінді)
1-оқушы
Көз
«Ерте тұрған кісінің бір ісі артық» — деген екен бабалар, тауып айтып. Іштеріңде ең сергек мен емес пе?! Оятамын бәріңді түстен тартып.
2-оқушы
Өлең жолдары
Ерте тұрсаң, ұланым, күн шығады алдыңнан.
Кешке қалсаң, ұланым, түн шығады алдыңнан.
Шұғыласын сол күннің осы көзбен көрерсің.
Жаман мен жақсының бәрін осы көзбен сезерсің.
Ескерту
«Толық нұсқасын жүктеу» деген жол бастапқы мәтінде берілген. Бұл нұсқада негізгі мазмұн ықшамдалып, грамматикасы түзетіліп ұсынылды.