Ғылым таппай мақтанба өлеңін жаттау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өлең мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу. Абайдың жас ұрпақты өмір сүруге, ғылым-білімге ұмтылуға баулитын нақыл ойларын өлең жолдарымен салыстыра отырып оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық
Түйінді ойды анық әрі дәл айтуға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу; шығармашылық ізденісті арттыру.
Тәрбиелік
Абай өлеңдеріндегі «бес асыл іс» пен «бес дұшпан» ұғымдарын түсіне отырып, жақсыға ұмтылып, жаманнан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.
Оқушылар қағаз ұшаққа тілек жазып, бір-біріне ұшырады.
2) Үй жұмысы
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айту.
Абай туралы білімді еске түсіру үшін «зымыран сұрақтар» қойылады. Оқушылар тез әрі нақты жауап береді.
Зымыран сұрақтар
-
1. Абай Құнанбаев кім?
Ақын, ойшыл, ғұлама, философ.
-
2. Қай жерде дүниеге келген?
Шығыс Қазақстан өңірі, Шыңғыстау бөктері.
-
3. Туған жылы?
1845 жыл.
-
4. Алғаш хатты кімнен таныған?
Ауыл молдасынан.
-
5. Семейде оқыған медресесі?
Ахмет Риза медресесі.
-
6. Абайдың шын есімі?
Ибраһим.
-
7. Арғы атасы?
Өскенбай.
-
8. Әкесі?
Құнанбай.
-
9. Анасы және әжесі?
Анасы — Ұлжан, әжесі — Зере.
-
10. Әкесі Абайды неге баулыды?
Ел билеу ісіне үйретті.
-
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік неден басталды?
Ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көрген тұстан.
-
12. Абай оқыған орыс ақын-жазушылары кімдер?
Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Добролюбов, Чернышевский.
-
13. Ақынды танытқан алғашқы көркем өлеңі?
«Қансонарда бүркітші шығады аңға».
-
14. Ол өлең қай жылы жазылған?
1882 жыл.
-
15. Ақын қай жылы дүниеден озды?
1904 жыл.
Жаңа сабақ: «Ғылым таппай мақтанба»
Оқушылар өлеңді оқи отырып, ақынның негізгі ойын анықтайды: ғылым жолына ұмтылған жасқа берілер айрықша ескерту қандай, неден қашық болып, немен дос болу керек?
Бір оқушы мәтінді оқулықтан тауып мәнерлеп оқиды. Кей тұстар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
Бес дұшпан
- Өтірік
- Өсек
- Мақтаншақтық
- Еріншектік
- Бекер мал шашпақ
Бес асыл іс
- Талап
- Еңбек
- Терең ой
- Қанағат
- Рақым
Оқу әрекеті
Оқушылар өлеңді кезектесіп оқиды, композициялық құрылымына талдау жасайды және негізгі ойды өмірлік мысалдармен байланыстырады.
Бекіту және салыстыру
Венн диаграммасы
Екі ақынның өлеңдерін салыстырып, ортақ идеялары мен ерекшеліктерін анықтау:
- Ғылым мен білімге ұмтылу
- Бес асыл істі дәріптеу
- Адамдық ұстаным мен жауапкершілік
- Ар-ұждан, ізгілік идеясы
Қорытынды
Абай «толық адам» болу үшін адам бойында сегіз қасиет болуы керек екенін айтады. Сол қасиеттердің өзегінде — ғылым мен рухани қуат. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі осы ойдың бастауы ретінде танылып, уақыт өткен сайын тереңдей түсетіні сөзсіз.
Сабақты аяқтау (С. Торайғыров)
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.