Викториналық сұрақтар
Сыныптан тыс сағат туралы мәлімет
Сынып
8 «Б» сыныбы
Сынып жетекшісі
Садуова З. С.
Тақырыбы
«Біздің ауыл тамаша!» — Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған сыныптан тыс сағат
Қатысушылар
Ата-аналар мен оқушылар
Сабақ түрі
Сайыс
Көрнекіліктер
- Сахна безендіруі
- Киіз үй бейнеленген плакаттар
- Суреттер
- Ауыл атауы жазылған плакат
- Кілем, көрпешелер
- Дастархан
- Қоржын және т.б.
Мақсаты
- Оқушылардың Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлеріне қызығушылығын дамыту.
- Отанға сүйіспеншілік сезімін ояту.
- Ата-ана мен бала арасындағы тығыз байланысты нығайту.
Кіріспе: Наурыз — ізгілік пен жаңару мерекесі
Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын бірге қарсы аламыз. Наурыз — көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табысады.
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі!
Ортақ қуаныш
Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны.
Достық пен еркіндік
Бұл күн — татулықты, сыйластықты, бірлікті ұлықтайтын мереке.
Көктемнің тынысы
Қаздар қаңқылдап келіп, қырда қызғалдақ бүршік атып, табиғат гүл көрпеге оранады.
Дәстүрлі таным
Мал баққан ата-бабамыз үшін бұл мезгіл — ырыс пен берекенің бастауы: қорада қой қоздап, түйе боздап, «бір малы екеу болып», аузы аққа тиіп, қыс қыспағынан арылып, кең тыныстайтын шаттықты шақ.
Құттықтау
Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау тілегі жолданады (бейнеқұттықтау).
«Біздің ауыл тамаша!» сайысы
Бүгінгі «Біздің ауыл тамаша!» атты сайысымыз келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына арналады. Сайысқа 8-сынып оқушылары мен қадірменді ата-аналар қатысады. Қатысушылар төрт «кіші ауылға» бөлінеді. Әр ауыл осы сахнада өз өнерін, ұйымшылдығын және тапқырлығын көрсетеді.
Қазылар алқасы
Сайыс барысын бағалап, шешім шығаратын қазылар алқасымен таныстырылады.
Қатысушы ауылдар
- Сарыкемер ауылы 1-топ
- Астана ауылы 2-топ
- Бәйтерек ауылы 3-топ
- Наурыз ауылы 4-топ
Сайыс кезеңдері
-
1-кезең. Таныстыру Негізгі: 5 ұпай · Сахналық көрініс: +3 ұпай
Әр ауыл өз атауын, ерекшелігін, ұранын таныстырып, шағын көрініс ұсынады.
-
2-кезең. Викториналық сұрақтар Әр сұрақ: 5 ұпай
Қоржыннан конверт алынады: ішінде 3 сұрақ. Әр дұрыс жауап ұпаймен бағаланады.
-
3-кезең. «Ауыл өнері — мақтаныш» 5 ұпай · Толық құрам: +5 ұпай
Топтық ән, би, терме, күй немесе шығармашылық нөмір көрсетіледі.
-
4-кезең. «Салт-дәстүрді таны» 5 ұпай · Көрсету: +5 ұпай
Қоржыннан салт-дәстүрге қатысты тапсырма алынады. Қатысушылар дәстүрді сахналап, қысқаша мәлімет береді.
-
5-кезең. «Кім жылдам?» Әр жеңімпаз: 5 ұпай · Көркемдік: +2 ұпай
Ер балаларға
Тиын көтеру: орамалдың үстіне қойылған тиынды еңкейіп, ауызбен іліп алу.
Қыз балаларға
Моншақ тізу: 3 минут ішінде түрлі түсті моншақтармен әдемі етіп жіпке тізіп шығу.
-
6-кезең. «Мақал-мәтелді жалғастыр» Әр дұрыс жауап: 1 ұпай
Әр ауыл мақалдың басын айтады, қарсыластары жалғастырады. Тапқырлық пен білім сыналады.
Таныстыру көріністерінен үзінді
Сарыкемер ауылы
— Ассалаумағалейкум, жол болсын, досым!
— Иә, қайда бет алдың?
— Сарыкемер ауылына бет алдым. Ол жақта сұлу қыздар көп дейді, әрі той болып жатыр деп естідім.
— Онда мен де саған қосылайын, жолда серік керек қой.
— Жарайды, құдайы қонақ болып барайық.
Көрініс соңында ауыл тұрғындары қарсы алып, танысады.
Астана ауылы
— Ей, Сәкен, жол болсын! Домбыра асынып, қайда асығып барасың?
— Астана ауылында айдай сұлу, керемет айтыскер қыз бар деп естідім. Соған барып, айтысқа шақырмақшымын.
— Бәрекелді! Айтыста жеңетініңе сенемін!
Көрініс танысумен жалғасады.
Бәйтерек ауылы
— Сәлематсыздар ма! Біз жол жүріп келе жатып, көлігіміз бұзылып қалды. Жақын маңдағы ауылға бұрылдық. Бұл қай ауыл?
— Бәрекелді, қош келдіңіздер!
— Түнде жападан-жалғыз қалғанша, ауылға келгендеріңіз дұрыс. Төрлетіңіздер!
Қазылар алқасының шешімі
Қорытынды ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар анықталады. Марапаттау және алғыс айту рәсімі өткізіледі.
Қорытынды құттықтау және ақжарма тілектер
Осы сайысқа қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз. Күн мен түн теңеліп, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық сыйлайтын келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын!
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!
Шашу және бата-тілек
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Ескерту: Музыкалық сүйемелдеуде (мысалы, Роза Рымбаеваның Наурызға арналған әні) сахналық бөлімдер орындалуы мүмкін.