Бурабайдай жер қайда

«Білімдіден шығады алғыр, шешен, шешендіктен болған ғой барлық көсем. Сайра, шәкірт, суырып шарықташы, қалмасын бұл сабақта сенің есең», деген сөзді ұстана отырып, №247 орта мектебінің 9-сыныбында география пәнінен ұйымдастырылған «Солтүстік экоаудан – Қазақстанның жүрегі» атты шығармашылық жұмысты бастаймыз. Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз.

Жұмыстың құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру
  2. 2 Баяндау
  3. 3 Пысықтау
  4. 4 Сергіту сәті
  5. 5 Бекіту
  6. 6 Бағалау
  7. 7 Қорытындылау

1-кезең. Ұйымдастыру

9-сынып оқушылары әр тақырыпты өз бетімен, дербес меңгере білуі тиіс. Сондықтан бұл сабақта әр оқушы жеке команда ретінде сайысқа түседі: 13 оқушы — 13 топ.

Бағалау фишкалар арқылы жүргізіледі: фишкасы көп оқушы — жеңімпаз.

Күтілетін нәтиже

Белсенділік, жылдам ойлау, дәлелді жауап және өз ойын нақты жеткізу.

Іске сәт!

2-кезең. Баяндау

Тақырып

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы туралы түсінік

Мағжан мен Сәкен жырлаған Көкше көркіне көз тоймайтын өлке. Сұлулығына сүйсініп, туған жеріңде осындай жер жаннатының барына шүкір етесің. Табиғаттың тылсым сырын сездіретін бұл өңірдің шырайы шежіре, әр тасы тарих, айшықты тұсы аңыз.

Көгілдір шығанақ туралы аңыз

Ертедегі аңызда бұл өңірде данышпан ақ түйе сұлу бура өмір сүргені айтылады. Ол Көкшетаудың бөктерінде жайылып, мөлдір көл мен орман бұлақтарынан су ішеді екен. Қауіпті сезсе, шыңға көтеріліп, елге белгі беретін көрінеді.

Бірде ханның мақтаншақ Қасым атты ұлы бураны жүрегінен садақпен жаралайды. Бураның мұңды үні жартастарды жаңғырықтырып, қаны қасиетті көлге ағады. Суатқа жете алмаған бура жантәсілім етіп, тасқа айналады. Содан бері Көкшенің жанындағы үлкен тау Бурабай атанып кеткен.

Оқжетпес

Биіктігі: 400 м (теңіз деңгейінен жоғары) Орналасуы: Көгілдір шығанақ маңы

Оқжетпес — Бурабайдың ең көрікті жерлерінің бірі. Кейбіреулер жартас пішінінен еңкейген кемпірдің сұлбасын көреді, алайда ол бейне бәріне бірдей байқала бермейді.

Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған. Аңыздардың бірінде Көкше тауы Үш әпке жартасы мен олардың ағасы Оқжетпесті туған жерді қорғаған рухани символ ретінде сипаттайды: жау шапқыншылығы кезінде олар соңғы күштері таусылғанда тасқа айналып, жаудың жолын бөгеген.

Үш әпке жартасының биіктігі

  • Үлкен әпке — 534 м
  • Ортаншы әпке — 460 м
  • Кіші әпке — 434 м

Жұмбақтас

Биіктігі: 20 м Орналасуы: Әулиекөл (Бурабай) көліндегі Көгілдір шығанақ

Жұмбақтас — су бетіндегі ерекше тас арал. Аңыз бойынша, алыстан қарасаң шашы желбіреген жас қыздың бейнесін елестетеді, ал жақындаған сайын бейне біртіндеп өзгеріп, данышпан қарияның кейпіне ұқсайды.

Бұл — әйел тағдырының, жай таппаған жанның символы. Қаншалықты алыс болса — соншалықты жас, қаншалықты жақын болса — соншалықты кәрі көрінеді. Өмірдің пәлсапасы да осы тұста аңғарылады.

Тағы бір аңыз Абылай хан дәуіріне жетелейді: жеңістен кейінгі олжаның ішінде жас сұлу қалмақ қызы болады. Қызға таңдауды өзі жасауға мүмкіндік беріледі. Ол Оқжетпестің үстіне шығып, ақ орамал байлап, орамалға кім жебе тигізсе — соған жар болатынын жариялайды. Алайда ешкім шыңға жебе жеткізе алмайды. Кейін қыз Көгілдір шығанаққа секіріп, мәңгілік азаттықты таңдайды. Содан соң көл ортасында Жұмбақтас пайда болған деседі.

Абылай хан жазығы

Биіктігі: 335 м (теңіз деңгейінен жоғары) Кең, күн нұры мол жасыл жазық

Көкшенің баурайында күн сәулесіне шомылып тұратын кең жазық бар — ол Абылай хан жазығы. Аңыз бойынша, халық Абылай ханды осы жерде ақ киізге көтеріп, хан көтерген. 2004 жылы мұнда төбесінде алтын күн мен бүркіті бар биік обелиск орнатылды. Жергілікті жұрттың айтуынша, Сәкен Сейфуллин дәл осы маңда әйгілі «Көкшетау» поэмасын жазған.

Махаббат үңгірі

Абылай хан жазығынан Ақылбай өткеліне (Бақалшық) қарай жүрсең, шамамен 500 қадам өткеннен кейін оң жақтағы қарағай арасынан жартасты көруге болады. Тас бөктерімен көтеріліп, айнала жүрсең — үлкен үңгірге тап боласың.

Аңыз бойынша, мұнда атаман Астафовтың қызы мен батыр әрі әнші Балуан Шолақ жасырынған. Екі ғашық қайғылы жағдайда қаза тапқан деседі. Туристер еске алып, кейде шырақ жағады. Дегенмен бұл — болжам ғана; нағыз Махаббат үңгірі әлі табылмаған деген дерек те бар.

Әулие Қасен тасы

Айнакөлге апаратын қысқа жол Қарағай шипажайы маңынан өтеді. Орманға кіреберісте қысқа сақалды, ұзын шашты адамның басын елестететін тас бар. Бұл — Әулие Қасен.

Аңызға сенсек, Қасен (Хасан) есімді емші шөп, тамыр, жидек пен гүлдерден емдік қайнатпа, жақпамай, ұнтақ жасап, адамдарды емдеген және ешқашан ақы алмаған. Өмірден өтер сәтте халық қоштасқысы келіп жиналғанда, Қасен терең тыныстап, көзін жұмып, жерге иығын тигізіп, тасқа айналған дейді.

Ғұрып бойынша, тастың айналасын күн бағытымен үш рет айналса, сырқатынан айығуға болады деген сенім бар.

Жеке батыр

Ел қорғаған жас батыр осы өңірде өмір сүрген екен. Бірде ауылға жоңғарлар шабуыл жасап, халық сасып қалады да, батырға жаумен жалғыз айқасуға тура келеді. Шайқас ұзаққа созылып, батыр көзінен айырылып, құлағы керең болады. Әл-дәрмені таусылғанда арқасымен құлап, жаудың жолын бөгеп, тасқа айналып қалған деседі.

Жергілікті халық ай толған түндері тау үстінен көгілдір сәуле көрінеді дейді.

Кенесары үңгірі

Биіктігі: 356 м (теңіз деңгейінен жоғары) Тарихи және табиғи ескерткіш

Бұл үңгір халық батыры, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының құрметіне аталған. Ұлы Абылайдың немересі Кенесары Бурабай шатқалында туып-өскен. Аңызда ол жасағымен бірге сәтті аңшылықтан соң үңгір етегіне жиі түнеуге келіп отырғаны айтылады. Мұнда Кенесары ханға арналған мемориалдық тақта орнатылған.

...Бурабайдай жер қайда?!

3-кезең. Пысықтау

Білімді бекіту үшін сөзжұмбақ шешеміз.

  1. Шағын көлемді двигатель өндіретін өндіріс орталығы.
  2. Қазақстанның астанасы.
  3. Экоаудан Ертіс, Тобыл, Есіл және қай өзен алқабында орналасқан?
  4. Қазақстандағы маңызы жағынан екінші орын алатын көмір бассейні.
  5. Арқалық маңында өндірілетін алюминий түрі.
  6. Мұнай өңдеу және трактор жасау зауыттары орналасқан қала.
  7. Асбест кен орны.
  8. Қостанай облысындағы ірі көлдердің бірі.
  9. Павлодарда қорытылатын түсті металл.
  10. Ақмола облысындағы алтын өндірілетін кен орны.

4-кезең. Сергіту сәті

Супер-ойын

Төмендегі сипаттама бойынша затты табыңыз:

Жұмбақ
  1. Ақ.
  2. Домалақ.
  3. Көпшілігіңіз оны күнделікті пайдаланасыз.
  4. Қолдан-қолға өтеді.
  5. Көлемі алақандай.
  6. Ортасы тесік.
  7. «Ақжарқын» болғандықтан, ішіне көп нәрсе сыйып кетеді.

Жауабы

Диск

5-кезең. Бекіту

Сұрақтар топтамасы (I)

  1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамына неше облыс кіреді?
  2. Бұл аудан республикада жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?
  3. Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы қандай?
  4. Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылған? (1936 ж.)
  5. Темір кеніне бай облыс. (Қостанай)
  6. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай?
  7. Ауданда көліктің қандай түрлері бар?
  8. Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар? (Павлодар)
  9. Солтүстік Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?
  10. Ірі алюминий зауыты қайда орналасқан? (Павлодарда)

Сұрақтар топтамасы (II)

  1. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала?
  2. Бұл аудан республикада халық саны жөнінен нешінші орын алады? (2-орын)
  3. Ақмола облысы қай жылы құрылған? (1961 ж.)
  4. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы шаруашылығының маманданған салаларын атаңыз.
  5. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтарды атаңыз. (Астана, Қызылорда)
  6. Ірі темір кен орындарын атаңыз. (Соколов–Сарыбай және т.б.)
  7. Солтүстік Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған? (Теміржол)
  8. Ферроқорытпа зауыты қай қалада орналасқан? (Ақсу)
  9. Солтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы ауданаралық маңызға ие?
  10. Трактор зауыты қай қалада? (Павлодарда)

6-кезең. Бағалау

Оқушылардың жинаған фишкалары саналып, нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.

Критерий

Жауаптың дәлдігі

Критерий

Белсенділік

Критерий

Уақытты тиімді пайдалану

7-кезең. Қорытындылау

Сабақ соңында жоғары және төмен балл жинаған екі оқушыдан сабақ туралы қысқаша пікір алынады: не сәтті болды, не қиындық тудырды, қандай ұсыныс бар.

Рефлексияға арналған 3 сұрақ

  • Бүгін қандай жаңа ақпарат алдыңыз?
  • Қай кезең ең қызықты болды?
  • Келесі сабақта нені жақсартуға болады?