Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыру, графиканың түрлері мен графикалық редакторлар туралы білімін қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін тереңдету, ой-өрісін кеңейту және шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру
  2. 2 Өткен ақпаратты қайталау
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру (мәтінмен жұмыс)
  4. 4 Ой қорыту, сабақты бекіту
  5. 5 Компьютермен жұмыс
  6. 6 Бағалау
  7. 7 Үй тапсырмасын беру

Өткен ақпаратты қайталау

Тапсырма: бос орынды толықтыр

Негізгі ұғымдар мен процедуралар

Төмендегі анықтамалардағы дұрыс жауап жақша ішінде берілген.

  • 1. Бұл — графикалық экранда әрбір пиксельдің түсі мен жарықтылығы кодталатын оперативті жадтың бөлігі — Экран буфері.

  • 2. Графикалық экран беттері — қолданылған графикалық режимге, дисплейдің типіне және жадтың көлеміне тәуелді бір немесе бірнеше буферден тұрады.

  • 3. Borland International фирмасы арнайы бағдарламалар кітапханасын жасап шығарған — GRAPH.

  • 4. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен GRT модулін іске қосу керек.

  • 5. Графикалық экранның мүмкіндігі — экранға шығарылатын бейненің дәлдігі.

  • 6. Графикалық режимнен шығу үшін CloseGraph процедурасы пайдаланылады.

  • 7. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылады.

  • 8. PutPixel процедурасы экранға нүктені берілген координатасы және түсі бойынша шығарады.

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік графика — әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, анимацияларды) компьютердің көмегімен құруды, өңдеуді және көрсетуді қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Қолданылуына қарай

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісіне байланысты бірнеше негізгі салаларға бөлінеді.

Кілтті ой

Бұл бөлімде графиканың түрлері, векторлық және растрлық графикамен жұмыс істейтін бағдарламалар, сондай-ақ графикалық файлдардың пішімдері қарастырылады.