Сын есімдерді тап

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, тест.
Әдісі: Сұрақ - жауап, нақыл сөз, ой - толғау, сөйлем құрастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға жұмбақ шешкіземін
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
Балалар кітаптан біз не оқып білеміз?
Ендеше бір - бірімізге күш - жігер беретін тілектер айтып сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
4 – жаттығу. Нақыл сөзді көшіріп, болымсыз етістіктің астын сызу.
Жаманшылық жақсылықтан аса ма,
Жақсы адам жақсы істен қаша ма?
Жақсы адам болғың келсе, батырым,
Жамандыққа жамандық жасама.
(Жанқұтты шешен)

III. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақты шешу.

1. Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді
2. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас
3. Қардай аппақ
Сондай тәтті - ақ.
4. Аппақ дала қара дән,
Дәнін сеуіп, түсінуге жараған
5. Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
6. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
7. Айдалада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау.
С
Ы
Н
Е
С
І
М
Балалар қай сөз табы шықты?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар сын есім.
Алма → түсі, сапасы, дәмі, көлемі
Сонымен сын есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?

IV. Бекіту
Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар және сын есімдерді тауып, астын сызып көрсетіңдер.
Гүлнұр – әдепті қыз. Ұстаз – құрметті адам. Көмір пайдалы қазбаларға жатады. Бүркіт ұясын биік қияға салады.
2 - жаттығу (ауызша).
Ақыл, ой, білім, өнер.
Біл, жүз, тап, тер.
Осы сөздерден сын есім жасап айтыңдар.
“Сиқырлы сандар” ойыны.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а о қ ң ю с щ ы л р

Оқулықпен жұмыс жасау.
3 – жаттығу Өлеңді көшіріп жазып, сын есімдерді табу.
Жаңа жауған ақша қар
Ауаны әбден тазалар.
Ат бауырлар қалың қар,
Оған жүрдек шаңғым бар.
Түйіршегі үлбірек,
Бұл жеп - жеңіл үлпек қар,
Көшелерге бір - бірлеп,
Серуендеуге күнде бар.
Ой толғаныс
Бес жолды өлең жазу
Зат есім (1) Кірпі
Сын есім (2) Тікенді, баяу
Етістік (3) жүгіреді, домаланады, қоректенеді
Сезімді білдіретін (4) Неткен түрпідей тікенек жануар!

V. Қорытындылау
Тест.
1. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөз табы
А Зат есім
Ә Етістік
Б Сын есім
2. Сын есімдерді тап.
А қызыл, әдемі, көркем
Ә келді, оқыды, жаз
Б ата, жейде, көңіл
3........ бала – арлы бала,
....... бала – сорлы бала. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
А жақсы, жаман
Ә ақылды, ақылсыз
Б көрікті, көріксіз
4. Сын есімнің сұрақтарын тап
А Кім? Не?
Ә Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Б Қандай? Қай?
5. Қандай сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді тап.
А тәтті, сары, салқын
Ә қақты, жаз, күлді
Б ана, көгершін, таға

VІ. Үй тапсырмасы: 4 - жаттығу. 53 бет.
Сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Әдемі.........., қою........, кең........, қоңыр....., таяз......., қалың........,
биік........
VІІ. Оқушыларды бағалау.

Қостанай облысы, Қостанай ауданы
Талапкер селосы, "Талапкер бастауыш мектебі" ММ
бастауыш пәні мұғалімі Баймағанбетова Әсел Әлімханқызы



Ұқсас жұмыстар

Сын есім түсінігі
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Сын есім және оны мектепте оқыту
Сын есім мен зат есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Сын есімнің шырайлары
Сын есімнің категориялары
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау