Өзбек халқының қонақжайлылығы

Ақмола облысы • Ерейментау ауданы

Малтабар орта мектебінің мұғалімі: Мукашева Айнұр Жақияқызы

Ашық тәрбие сағаты Дәстүрлі емес формат Этика-эстетика

Тақырыбы

Өзбек мәдениеті

Мақсаты

Оқушыларды өзге ұлттың мәдениетін сыйлап, құрметтеуге үйрету; адамгершілікке баулу; этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Шарлар
  • Өзбек ұлттық киімдері
  • Бұйымдар
  • Ұлттық тағамдар

Ұйымдастыру және сәлемдесу

Іс-шара амандасудан басталады: «Хайрли кун! Устозлар!»

Жүргізушілердің кіріспе сөзі: «Біздің өзбек диаспорасына қош келдіңіздер!»

Өзбек халқы туралы қысқаша деректер

Таралуы мен саны

Өзбектер (өзб. O‘zbek, O‘zbeklar) — Өзбекстан Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны шамамен 30 миллионға жуық. ТМД елдерінде, соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көптеп кездеседі. Сондай-ақ Солтүстік Ауғанстанда, Қытай Халық Республикасында және өзге елдерде де өмір сүреді.

Қазақстандағы өзбектер

2013 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 520 мыңға жуық өзбек тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан өңірінде шоғырланған (шамамен 87,6%).

  • Қазақстанда 81 өзбек мектебі жұмыс істейді.
  • Өзбек тілінде газет-журналдар шығарылады.
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында өзбектердің ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді.

Дәстүрлі киім, кәсіп және ас мәдениеті

Киім-кешек

Ерлер көбіне жейде мен шапан киеді. Әйелдер түрлі матадан тігілген көйлек, шапан киген. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында белге дейін келетін қамзол да кең тараған.

  • Ерлердің бас киімі: тақия, жүн қалпақ
  • Әйелдер: орамал
  • Аяқ киім: тері етік, жұмсақ мәсі, сыртынан галош

Кәсіп түрлері

Дәстүрлі кәсіптері — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда мен ұстаханалар дамыса, ауылды жерлерде қолөнер кең тараған.

Қолөнер салалары:

тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан пісіру, тәтті әзірлеу және т.б.

Тағам және сусын

Негізгі тағамдары өсімдік өнімдерінен, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Ең сүйікті асы — палау.

Басты сусыны — шай, көбіне көк шай.

8 наурыз қарсаңындағы анаға арналған өлеңдер

Айдос

Оножоним, Шукур сенга, Оллохим, Болдир менинг хаетим, Башимдаги гул тожим, Удир менинг онажоним.

Альмира

Уйга борсам мени кутган, Мехирла багрига босган, Жилмайиб юзимдан урган, Райхон гулим, онажоним.

Сымбат

Дуне — арман дунёдур, Билмам, тушли, руёдур. Мехманлари бир-бирин, Кузларини уёдур. Шохни хам, гадани хам, Бир йўлда кўр, бир жойда! Бу дуненинг ишлари — Ҳар йўлдадур, ҳар жойда!

Аида

Етмадим ман… Отам олис жойга кетди, Ойден онам ойга кетди, Менинг кунглим найга кетди.

Көрініс: өзбек халқының қонақжайлылығы

Өзбек халқына тән ерекше қасиеттердің бірі — қонақжайлылық. Бұл дәстүрде қонақ күту ең жоғары құндылықтардың қатарында саналады. Қонақты күтіп алмау — отбасыңды, туысыңды, тіпті ауылыңды ұятқа қалдырумен тең деп түсіндіріледі.

Кейіпкерлер

  • Тілеуберген (үй иесі)
  • Жансұлу (келіншегі)
  • Айбек (қонақ)
  • Руслан (қонақ)
  • Ақбота (қонақ)

Сәлемдесу әдебі

  • Ер адамдар бір-бірімен қол алысып амандасады және жағдай сұрасады.
  • Әйелдер сәл иіліп, оң қолын жүрек тұсына қойып сәлем береді.

Тілеуберген: «Ассалому алайкум!»

Айбек: «Хайрли кун!»

Тілеуберген: «Яқин ва азиз қўноқ, ўтириб олинг!»

Дастархан мәдениеті

Үй иесі қадірлі қонақты есік алдынан қарсы алып, үйге кіргізіп, дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа жайғастырады. Кез келген отырыс шаймен басталып, шаймен аяқталады: алдымен тәттілер ұсынылады, соңынан ыстық тағам — палау тартылады.

Шай құю дәстүрі

Өзбек дәстүрінде шайды кесеге толтыра құймайды. Қонақ неғұрлым қадірлі болса, соғұрлым кеседегі шай аз болады. Мұның мәні: қонақ шайды қайта сұраса, бұл — үй иесіне деген құрметтің белгісі, жақсы ырым. Егер кесенің түбінде аздап шай қалса, оны төгіп, жаңа шай құйып беру керек.

Ұлттық өнер және сахналық бағдарлама

Бағдарлама үзінділері

  • Өзбек биі
  • Салт-дәстүр көріністері
  • Кураш (күрес): өзбек палуандарын ортаға шақыру
  • Пародия
  • «Ялла» тобының әндері және өзбек әні

Қорытынды сөз

Сұлтан: «Құрметті қонақтар! Бүгін біз дайындаған өзбек дастарханынан дәм алыңыздар! Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет!»

Осы тәрбие сағаты оқушыларға өзге мәдениетті танып, оны құрметтеудің маңызын сезіндіріп, достық пен сыйластық құндылықтарын айқын көрсетті.