Жаңа материалды тереңдету
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы • №32 жалпы орта мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Шамишева Бағдагүл
Сабақтың тақырыбы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу.
Бұл сабақта оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы мен периметрін есептеуді қайталап, формулаларды қолдану дағдысын бекітеді.
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Тік төртбұрыштың (шаршының) аудан формулаларын пайдаланып, ауданды дұрыс табуға үйрету.
Дамытушылық мақсат
Деңгейлік және логикалық тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Қазақстан тарихындағы маңызды даталардың мәнін түсіндіру арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу және патриоттық сезімді қалыптастыру.
Ұйымдастыру және ресурс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Қазақстан Республикасының рәміздері
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Практикалық жұмыс
Сабақтың типі
Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, тарих.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Жаңа материалды тереңдету
Қайталау сұрақтары
- Өткен сабақта немен таныстық?
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
№1 тапсырма
Оқушылар тік төртбұрыш пен шаршының ауданын және периметрін табу тәсілдерін түсіндіреді.
- Тік төртбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
- Шаршы дегеніміз не?
- Тік төртбұрыш қандай заттарға ұқсайды?
№2 тапсырма
Тік төртбұрыш пішіні күнтізбеде де кездеседі. Осы күнтізбе бетін неше квадрат сантиметрге бөлуге болатынын анықтаймыз.
Күнтізбеде қандай сандар ерекшеленіп тұр?
10 желтоқсан
Адам құқықтары туралы Халықаралық билль қабылданған күн (1948 ж.).
16 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (1991 ж.).
Бүгінгі сабақта Тәуелсіздігіміздің белгілеріне қысқаша шолу жасаймыз. Ол үшін оқулықтағы 82-бет, №3 тапсырманы орындаймыз.