Формула қандай болды кез

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп-лицей

Математика пәні мұғалімі: Токаева Айтбиби

Сабақ типі: білім дағдыларын жетілдіру Сабақ түрі: жарыс сабақ Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қанатты сөздер, бағалау парағы

Мақсаты (білімділік)

Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын және зейінін арттыру; алған білімдерін тереңдету.

Мақсаты (дамытушылық)

Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу және тұлғалық дамуын қолдау.

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп халық бекер айтпаған. Абай атамыздың өнегелі сөзіне сүйенсек, өмірдің өзі — сайыс, ал сайыс — білім мен жігерді сынайтын сәт.

2-жүргізуші

Бүгін сыныбымызда математика пәнінің алғырлары бақ сынап, өздерінің білім деңгейін көрсетеді.

Шақырамыз — келіңдер жарысуға, күш, өнер, біліммен алысуға. Бар өнерді салайық ортамызға — қанеки, кім шығады сайысуға?

Сайыс кезеңдері

Тапсырмалар ұпаймен бағаланады, жылдамдық пен дәлдік маңызды.

1-тур: «Бәйге»

Дұрыс жауап: 10 ұпай

Бұл турда қатысушыларға жедел сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді.

  • Рационал сандар жиынын нелер құрайды?

    Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер.

  • a-ның n дәрежесі деп нені атаймыз?

    Әрқайсысы a-ға тең n көбейткіштің көбейтіндісі.

  • Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?

    Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер.

  • Бірмүше дегеніміз не?

    Сандар мен әріптердің көбейтіндісі.

  • y = x² функциясының графигі қалай аталады?

    Парабола.

  • Көпмүше деп нені атайды?

    Бірмүшелердің алгебралық қосындысы.

  • Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

    Жақша ішіндегі қосындылардың таңбалары қарама-қарсыға өзгереді.

  • y = x³ функциясының графигі қалай аталады?

    Кубтық парабола.

  • Нақты сандар жиынын нелер құрайды?

    Рационал және иррационал сандар.

  • Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?

    Құрамында әрпі бар өрнек.

2-тур: «Тіл — өнер»

«Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Бұл кезеңде жұмбақтар, мақал-мәтелдер және геометриялық ұғымдар арқылы жасырылған сөзді тауып, үш тілге аудару қажет.

3 тіл: 30 ұпай 2 тіл: 20 ұпай Аудармасыз: 10 ұпай
  1. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?

    Түзу — прямая — straight line

  2. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура?

    Бұрыш — угол — angle

  3. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі?

    Сәуле — луч — ray

  4. Тік бұрыштан кіші бұрыш?

    Сүйір — острый — acute

  5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да — ұзындығы жазулы тұр бойында?

    Сызғыш — линейка — ruler

  6. Мен бұрышты берілген тең екіге бөлемін. Жаралғалы ғылымда не атанып келемін?

    Биссектриса — биссектриса — bisector

3-тур: «Формуланы білесің бе?»

Міндет: формула нені табатынын айту

S = ab

Тік төртбұрыштың ауданы

P = 2(a + b)

Тік төртбұрыштың периметрі

S = a²

Квадраттың ауданы

P = 4a

Квадраттың периметрі

V = abc

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі

C = πD

Шеңбер ұзындығы

V = a³

Кубтың көлемі

S = v · t

Жол (қашықтық)

4-кезең: «Ғажайып үштік»

Кестеден сұрақ таңдалады. Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз қатысушымен қоштасамыз.

20 ұпай

Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?

Жауабы: 8

20 ұпай

Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді. Аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?

Жауабы: 2 (қалғандары ұшып кетті)

20 ұпай

Қосарланып жегілген үш ат 1 сағатта 14 км жүреді. Осы уақытта 1 ат қанша жол жүреді?

Жауабы: 14 км

30 ұпай

Үш түйе ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алады. Қаншасы қалады?

Жауабы: Түйе ұшпайды

30 ұпай

Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып, 30 санын өрнекте.

Жауабы: 6 × 6 − 6

30 ұпай

Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

Жауабы: 10 және 100

40 ұпай

Бүтін сан да, бөлшек сан да бар. Оң, теріс сандардың бәрі осында. Бұл қандай сандар?

Жауабы: рационал сандар

40 ұпай

Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады. Ықшамдасаң, қандай атау болады?

Жауабы: дәреже

40 ұпай

Санға қоссаң — сол санның өзі шығады. Оған бөлуге болмайды. Сан осін қақ бөледі. Бұл қандай сан?

Жауабы: 0

5-кезең: «Жанды сұрақтар»

Әр сұрақта 3 нұсқа беріледі. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Координаталық түзуді кім енгізді?

  • 1. И. Ньютон
  • 2. Р. Декарт
  • 3. Э. Галуа

Жиын теориясының негізін қалаушы кім?

  • 1. Р. Декарт
  • 2. Э. Галуа
  • 3. Г. Кантор

Математикалық теңдеу туралы ғылыми еңбек жазған адам?

  • 1. О. Жәутіков
  • 2. Қ. Исақов
  • 3. С. Сыдықов

6-кезең: «Дода» (шешуші кезең)

Уақыт: 1 минут

Қатысушылар 1 минут ішінде сұрақтарға шапшаң әрі нақты жауап береді.

Оқушы 1

  1. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар

    Натурал сандар

  2. Қарама-қарсы сандардың қосындысы

    0-ге тең

  3. π санының жуық мәні

    3,14

  4. Екі қатынастың теңдігі

    Пропорция

  5. Кез келген санның бірінші дәрежесі

    Өзіне тең

  6. Теріс санның жұп дәрежесі

    Оң сан

  7. Ең кіші үш таңбалы сан

    100

  8. 0-дің n дәрежесі

    0

  9. Ең кіші натурал сан

    1

  10. 11 санының квадраты

    121

Оқушы 2

  1. Айырмашылығы тек таңбасында ғана болатын сандар

    Қарама-қарсы сандар

  2. Теріс сандардың қосындысы

    Теріс сан

  3. Жүзден бір бөлік

    Процент

  4. Екі санның бөліндісі

    Қатынас

  5. Кез келген санның нөлінші дәрежесі

    1-ге тең

  6. Теріс санның тақ дәрежесі

    Теріс сан

  7. Ең үлкен үш таңбалы сан

    999

  8. 1-дің n дәрежесі

    1

  9. Ең кіші жай сан

    2

  10. 4 санының кубы

    64

Қорытынды

Әділқазылар алқасының шешімі

Сайыс соңында әділқазылар қатысушылардың ұпайларын қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталады.

Марапаттау

Көп ұпай жинаған оқушыға «Дарынды оқушы» атағы беріліп, марапатталады.