Қазақстанның рәміздерін ата
Кіріспе
Мұғалім сөзі Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Жұртым небір қиындықты бастан өткерді. Бұл жолда аналар көз жасын төгіп, талай перзентін қара жерге тапсырды.
Арнау
Тәуелсіздік таңы атты. Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отан дейміз — от жаққан жерімізді,
Отан дейміз — өсірген елімізді.
Отан дейміз — туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай, көлімізді.
Отаным менің — кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Ой қозғау
Бұл өлеңде не туралы айтылды? «Отан» ұғымын қалай түсінесіздер? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
Мемлекеттік рәміздер
Ту
Автор: Шәкен Ниязбеков
Елтаңба
Авторлар: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
Әнұран
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев
Әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. (Хор.)
Рухани жаңғыру және ұлттық мақсат
Мұғалім сөзі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы — ел дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын көрсететін маңызды құжат. Онда сананы жаңғырту, ұлттық болмысты сақтай отырып, әлемдік құндылықтармен үйлестіру және оны Қазақстанның игілігіне жарату мәселелері көтерілді. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып, үнемі жаңғырып отыруы тиіс.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жиналып, еркіндік пен әділдік талап етті. Алаңда: «Біз қазақпыз, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек» деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизоны жауынгерлік дайындыққа келтіріліп, көп күшпен алаңдағы жастар қоршауға алынды. Алматыға әр аймақтан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді.
Тәуелсіздікті талап етіп, бейбіт шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген жалған айып тағылды. Көптеген студенттер ұсталып, түрмеге қамалды, оқу орындарынан шығарылды.
Ерлік пен құрбандық
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира және өзге де қазақ жастары Желтоқсан күндерінде қайсарлық танытып, құрбан болды.
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік Желтоқсанмен бітпейді —
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп, бір түнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Дерек
Қызылорда қаласы, №39 Қызылөзек орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Есетова Айдана Аманбайқызы