Оқушылардың жауаптарын тыңдау
Сабақ тақырыбы: Қозғалыс сыры (Жаратылыстану)
Оқу мақсаттары
- Бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру.
- Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізіп, қорытынды жасау.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған материалдар, қолдың моделі, арқан, резеңке, А3 қағаздар, маркерлер, топтық тапсырмалар, кері байланыс парақтары, стикерлер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс
Математика, дене шынықтыру, дүниетану.
Сабақтың басталуы
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Мақсатымыз — білім алу.
Міндетіміз — еңбектену.
«5»-ке оқып, қол жеткізу.
Жаңа ғасыр ұланы — біз,
Жақсы оқу — ұранымыз.
Топқа бөлу
Қиылған сурет бөліктерін құрастыру арқылы топ атауын анықтау.
- 1-топ Жұлдыз
- 2-топ Күн
- 3-топ Жер
- 4-топ Ай
Білу және түсіну
Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтарға жауап беру.
Ой қозғау
- Оқушылар, қаңқада не жетіспейді?
- Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Бейнебаян: Бұлшықеттердің қызметі
Қысқа бейнематериал арқылы бұлшықет қызметі мен қозғалысқа қатысын түсіндіру.
Негізгі ұғым
Бұлшықет — адам ағзасындағы негізгі мүшелердің бірі. Қаңқа өздігінен қозғала алмайды; қозғалыс бұлшықеттер арқылы жүзеге асады.
Қозғалыс мысалдары
Бұлшықеттердің көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз.
Қызықты деректер
- Адам денесінде шамамен 650 бұлшықет бар.
- Үлкен бұлшықеттер ауыр жұмысқа, ал кіші бұлшықеттер жеңіл қимылдарға көбірек қатысады.
- Адам күлгенде 17, қабағын түйгенде 46 бұлшықет жұмыс істейді.
- Ең күшті бұлшықет — шайнау бұлшықеті, ал ең кішкентайы — құлақтың ішіндегі бұлшықет.
Сабақтың ортасы
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысып, суреттерді талдайды.
Кітаппен жұмыс
- Кітаптағы суретке зер салу.
- Бұлшықеттер адамның қай жерлерінде орналасқанын анықтау.
- Бұлшықеттердің ерекшеліктерін сипаттау.
Көрнекілік
Арқан арқылы көрсету: бұлшықет бірнеше жіңішке талшықтардан тұрады. Олар сүйекке бекіп, оны қозғалысқа келтіреді.
Зерттеу жұмысы (қолдану)
Алдарыңда қолдың дайын макеті беріледі. Макеттегі резеңке бұлшықеттің қызметін модельдейді. Топпен бірлесе отырып, «Бұлшықет қалай жұмыс істейді?» деген сұраққа жауап іздейсіңдер.
Бақылау сұрағы
Қол қимылдағанда резеңкенің ұзындығы қалай өзгереді?
Жеке жұмыс
Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, бұлшықеттің қызметін анықтап, қысқаша жазу.
Постер жасау (топтық жұмыс)
Оқушылар оқулықты пайдаланып, өз түсінгендерін постерге түсіреді.
1-топ
Өсімдіктің құрылысы мен қызметі
2-топ
Жануарлар кластарын атау
3-топ
Жануарлардың бейімділігін ажыратып, сәйкестендіру
4-топ
Қаңқаның бөліктерін атау
Талқылау сұрағы
Бұлшықеттер не үшін керек?
Автор туралы мәлімет
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ.
Бастауыш сынып мұғалімі: Байұзақ Гүлзира Жарылқасынқызы.