Математикалық білім мен практикалық әрекеттерді меңгеру барысында ойлау әрекеттерінің дамуы, шығармашылық мүмкіндіктері, танымдық қызығушылықтарының даму және қалыптасу міндеттері шешіледі

Түсініктеме

Бағдарламаның өзіндік ерекшелігі — математикалық білім, білік пен дағдыларды меңгеруге негіз болатын логикалық білімдер жүйесін бағдарламалық материалға енгізу. Математикалық білімді және практикалық әрекеттерді игеру үдерісінде ойлау әрекеттері дамып, шығармашылық мүмкіндіктер мен танымдық қызығушылық қалыптасады.

Сабақтағы тиімді тәсілдер

  • математикалық ребустар мен сөзжұмбақтарды шешу;
  • қызықты әрі әзіл есептерді шығару;
  • логикалық жаттығулар орындау (сабақта және сабақтан тыс уақытта).

Бұл жұмыстар баланың ақыл-ойын, қиялын және ой ұшқырлығын дамытудың ұтымды жолы болып табылады.

Барлық тақырыптар оқушылардың сабақта алған білімін тиянақтауға және бекітуге бағытталған. Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы математика пәнін терең меңгертуге, сондай-ақ логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендіріліп, тақырыптар бойынша жүйеленген. Мұнда мектеп оқулығында міндетті түрде орындалмайтын, бірақ дамытушылыққа бағытталған стандартты емес жаттығулар берілген. Бұл материал оқушылардың білімін тереңдетіп, қабілеттерінің мейлінше кемелденуіне мүмкіндік береді.

Кіріспе

Қазіргі ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына ірі мақсаттар мен жаңа міндеттер қояды. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу — қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.

Бұл әр мұғалімнен шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда математика сабағындағы әрбір жұмыс ой белсенділігін қажет етеді.

Жаттығулар түрлері

  • математикалық өлең-есептер;
  • сөзжұмбақтар мен ребустар;
  • математикалық диктант;
  • жұмбақтар және жаңылтпаштар.

Деңгейлік тапсырмалар

Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілетін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды іріктейді. Негізгі мақсат — оқушы мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай дамыту.

Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланып, тапсырмалар күрделенген сайын ойлау қабілеті де жетіле түседі.

Негізгі бөлім

Мақсаты

Математика әлемінің қызықты екеніне көз жеткізе отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау. Танымдық қабілетін арттыру және логикалық ой-қиялын дамыту арқылы алғырлыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге қызығушылығын күшейту.

Міндеттері

  • оқушының білімге деген сенімін арттыру;
  • шығармашылық қабілетін дамыту;
  • логикалық тапсырмалардың әдіс-тәсілдерін қолдану;
  • оқушының ынтасын ояту;
  • білім, білік, дағды қалыптастыру;
  • өз бетінше ізденуді дамыту.

Оқушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар

  • әртүрлі математикалық білім көздерінен мағлұмат ала білу;
  • математикалық есептеудің бастапқы дағдыларын меңгеру;
  • математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана білу;
  • интеллектуалдық ойындар, конкурстар, жарыстар, олимпиадаларда жетістікке ұмтылу;
  • есептерді өз бетінше талдау арқылы математикаға қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі Бейнелеу өнері Өзін-өзі тану Дене шынықтыру

Оқыту формалары

  • интеллектуалдық ойындар;
  • логикалық және қызықты есептер;
  • тест жұмыстары;
  • деңгейлік тапсырмалар;
  • қайталау сабақтары.