Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

Сабақ туралы

Тақырып

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы (7-сынып)

Сабақ түрі

Аралас сабақ, сайыс элементтері бар сабақ

Сабақ әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап

Педагогикалық технология

Дамыта оқыту

Көрнекіліктер

  • Әшекей бұйымдар
  • Ыдыс-аяқтар
  • Қару-жарақ, киім-кешек
  • Киіз үй, еңбек құралдарының суреттері

Техникалық жабдық

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

  • Технология
  • Әдебиет
  • География

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды ортағасырлық Қазақстанның сәулет өнерімен таныстыру, құрылыстардың ерекшеліктерін көрсету, мешіттер мен кесенелердің құрылысындағы маңызын анықтау.

Дамытушылық

Сәулет өнеріндегі өзгерістердің артықшылықтарын, себептері мен маңызын ашатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; тарихи деректерді өз бетінше іздеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Тарихи ескерткіштерді қорғауға баулу, олардың рухани маңызын ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық дайындық: сабақ басындағы көңіл күйді смайлик арқылы анықтау, сәттілік тілеу.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу және топ атауларының мағынасын қорғау.

1-топ

Қолөнершілер

2-топ

Ұсталар

3-топ

Зергерлер

II

Үй тапсырмасын сұрау

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дайындыққа 3 минут уақыт бөлінеді. Әр топ берілген суреттерге сүйеніп, тақырып бойынша мәлімет келтіреді.

1-топ: қолөнердің дамуы

Диірмен, құмыра (қыш ыдыстар), шыны бұйымдар суреттері.

2-топ: ұсталық және тұрмыстық құралдар

Пышақ, кетпен, соқаның тісі, қару-жарақтар, сүйектен жасалған заттар суреттері.

3-топ: зергерлік өнер және ақша айналымы

Сақина, білезік, алтын-күмістен жасалған теңгелер, ер-тоқым, қорамсақ суреттері.

III

Үй тапсырмасын қорытындылау (тест)

  1. Қыш ыдыстар неден жасалды?

    • A) саз балшықтан
    • Б) ағаштан
    • В) теріден
  2. Қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған қала:

    • A) Ақтау
    • Б) Орал
    • В) Отырар
  3. Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған шыны ыдыстар қай ғасырға жатады?

    • A) V ғасырға
    • Б) X ғасырға
    • В) III ғасырға
  4. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаудан туған кәсіп түрі:

    • A) қолөнер
    • Б) зергерлік
    • В) ұсталық
  5. Сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көп кездесетіндері:

    • A) мүйізден жасалған әшекейлер
    • Б) түйреуіш
    • В) түйме
  6. Орта ғасырдағы Шаш қаласы қазіргі қай қала?

    • A) Алматы
    • Б) Ташкент
    • В) Қостанай
  7. Қай қалада ешкі түбітімен айырбас сауда жүргізілді?

    • A) Испиджабта
    • Б) Сауранда
    • В) Таразда
  8. Бүгінгі көпқабатты үйлерде пайдаланылатын канализацияның орта ғасырдағы қарапайым түрі:

    • A) ташнау
    • Б) тоқым
    • В) иқта
  9. Үрлеу тәсілімен қандай ыдыстар жасалған?

    • A) шыны
    • Б) ағаш
    • В) қыш
  10. Ақша сарайы қай қалада болды?

    • A) Ақтау
    • Б) Орал
    • В) Отырар
IV

Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақтар)

  1. Архитектура дегеніміз не?

    Архитектура — латын тілінен аударғанда «құрылыс» деген мағына береді. Құрылыс — жобасы күрделі, биік әрі көркем салынған архитектуралық ғимарат.

  2. Қандай кесенелерді білесіңдер және олар кімдерге арналып тұрғызылған?

  3. Мұсылман дінінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат қалай аталады?

V

Жаңа тақырыпты түсіндіру (жоспар)

1

Сәндік-қолданбалы өнер

2

Архитектуралық құрылыс жүйесі

3

Кесенелер

4

Археологиялық зерттеулер кезінде табылған моншалар

VI

Тарихи терминдер

Терракота

Сәндеу ісінде қолданылатын, оюланған кірпіштер. Ғимаратқа көрік беру үшін пайдаланылатын шағын көзе кірпіш.

Ғаныш

Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.

VII

Сабақты бекіту

Дискуссиялық өрнек: жаңа тақырыптағы негізгі ұғымдарды талқылау, дәлел келтіру және қорытынды жасау.

VIII

Сабақты қорытындылау

Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи ескерткіштер қалпына келтірілуде. Тарихи ескерткіштер — тарихтың бірден-бір куәгері. Сондықтан әрбір қазақстандық оларды сақтауға және қорғауға жауапты.

IX

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

X

Үй тапсырмасы

Оқу

Тақырыпты оқу.

Құрастыру

Тақырып бойынша тест құрастыру.

Сабақ соңында оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы қайта анықталады.

Материал: «Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы» тақырыбы бойынша сабақ жоспары (редакцияланған нұсқа).