Тортай қандай бала
7-сынып қазақ әдебиеті: күнделікті сабақ жоспары (56–60 сабақ)
Тақырыптар тізімі
- 56 А. Пушкин — «Ескерткіш»
- 57 Шандор Петефи — «Ұлт өлеңі»
- 58 О. Генри — «Соңғы жапырақ»
- 59 Ғабдолла Тоқай — «Өмір жолына қадам басқандарға»
- 60 Тоқсандық қайталау
Сабақ жоспары: А. Пушкин — «Ескерткіш»
Сабақ туралы
- Сынып
- 7-сынып
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, талдау, іздену және т.б.
- Көрнекіліктер
- Сызбалар, портрет, шығармалар жинағы және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
Сабақтың мақсаты
- Білімдік: әлем әдебиеті туралы түсінік беру; А. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын-жазушылар туралы мағлұмат беру.
- Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге баулу, үлгі-өнеге ету.
- Дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау; ой бөлісу; өз ойын көркем тілмен еркін жеткізуге баулу; мәнерлеп оқуға дағдыландыру; ізденімпаздыққа төселдіру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы сұралады, төмендегі сұрақтар арқылы талқылау жүргізіледі:
- 1 Тортай қандай бала?
- 2 Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?
- 3 Тортай неге арманына жете алмады?
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин қайшылыққа толы тарихи кезеңде өмір сүрді. Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуірдің басталуына ықпал етіп, орыс әдеби тілінің қалыптасуына негіз қалады және жаңа әдебиеттің көшбасшысы атанды.
Мұғалім әрекеті
«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Кітаппен жұмыс
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.
Дәптермен жұмыс
Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.
Өлең құрылымын талдау (үлгі)
| Жолдар | Талдау |
|---|---|
|
Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес, Ел ізі оған салған суый білмес, Асқақтап Александр мұнарасынан Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес. |
|
Венн диаграммасы (салыстыру)
Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.
«Ескерткіш»
- Негізгі ойды анықтау
- Лирикалық тұлға ұстанымы
Ортақ
- Өмір, мұрат, азаматтық үн
- Көркем тіл, ой тереңдігі
«Өзім туралы»
- Авторлық «мен» ерекшелігі
- Өзін-өзі тану тақырыбы
4) Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылардың түсінбеген тұстарына қосымша түсіндіру беріледі.
5) Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай бағаланады.
6) Үй тапсырмасы
- А. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.
- Өлеңнің толық нұсқасын қарап келу.