Жалпы мақсаттар: сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, өз бетінше тіл үйренуге, білім алуға қабілетін баулу, жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру
Жалпы мақсаттар
Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, оқушылардың өз бетінше тіл үйренуіне және білім алуына қабілетін қалыптастыру; жағдаяттарды шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер аясында диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіндіру. Өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілеті жоғары оқушыны анықтау, жас ерекшеліктерін ескеру және ой түйіндеуіне қарай көшбасшылықты айқындау.
Оқыту нәтижелері
- Ойды жүйелі түрде жинақтауға үйренеді.
- Өз біліміне есеп беріп, бағалауға дағдыланады.
- Өзіндік ойын ортақ пікірмен үйлестіре біледі.
- Басқа топтардың пікірін тыңдауға үйренеді.
Негізгі идея
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
— Абай
Бірінші кезең
Топқа бөлу
Сынып ғылым-білім тақырыбындағы суреттерді құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді:
- Мантия
- ЭКСПО эмблемасы
Тапсырмалар
ТЫҢДАЛЫМ • 1-тапсырма
10 минут
АКТ қолдану арқылы техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар туралы ізденіп, жаңа қырларын анықтап, слайд түрінде ұсынады.
Слайдқа ұсынылатын тұлғалар
- Қаныш Сәтбаев
- Жамал Мұсағалиқызы
- Әшім Омаров
- Әлімхан Ермеков
- Әбікен Бектұров
- Әлкей Марғұлан
Сәйкестендіру
2 минут
Оқушылар «Тұңғыштар» тақырыбы бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Топ мүшелерінің барлығы тапсырманы орындауға белсенді қатысады.