Қысым тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Қысым» тарауын жүйелі қайталау арқылы тарау бойынша білім деңгейін толықтыру және бекіту.
Дамытушылық
Кітаптағы үзінділерді сабақ өзегіне айналдырып, физика мен әдебиеттің сабақтастығын көрсету арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік
Жергілікті ақын-жазушылар шығармалары арқылы рухани құндылықтарды дәріптеп, адамгершілікке бағыттау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше. Әр бөлімдегі тапсырмаларды орындай отырып, жергілікті ақын-жазушылармен және олардың шығармаларының мазмұндық өзегімен танысамыз. Осы арқылы «Қысым» тарауын толық қайталаймыз.
II. Б. Бегеніш — «Сәйгүліктер мекені»
«Өлеңім — шабытымның шалқар шыңы,
Сырласқан кейбіреудің айтар мұңы.
Туған жер, туған елім сырласымдай,
Оқыса, өлеңімнен байқар мұны.»
Ардагер ұстаз әрі ақын Бесінбай ағайымыздың әдебиетіміздегі орны ерекше. (Бұл бөлімде ақынның өмірбаяны мен кітаптың шығу тарихына қысқаша тоқталуға болады.)
«Суреттер сөйлейді»
Интерактивті тақтадан Архимед, Торричелли, Паскаль тұлғалары көрсетіледі. Оқушылар олардың қысым тарауына қосқан үлестері мен ашқан жаңалықтарын атайды.
- Архимед күші және жүзу құбылысы
- Торричелли тәжірибесі және атмосфералық қысым
- Паскаль заңы және гидравликалық құрылғылар
III. С. Демеубай — «Жалындап өткен жас ғұмыр»
Бұл бөлімде Ж. Мыңбаев туралы жазылған кітап мазмұнына қысқаша шолу жасалады.
«Арбакеш балық тасыған Теңіз бойын жағалап,
Еңбегін оның жасынан көрмеген ешкім бағалап.»
Ой қозғау (теңіз тақырыбы)
- 1. Кеменің суға бататын тереңдігі қалай аталады?
- 2. Кемедегі рұқсат етілген деңгей көрсетілетін қызыл сызық қалай аталады?
- 3. Теңіз суы мен тұщы судың тығыздығы бірдей ме? Айырмашылығы неде?
- 4. Сұйықтың тығыздығын өлшейтін құрал қалай аталады?
- 5. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
- 6. Сұйық бағанының биіктігі мен тығыздығына байланысты қысым формуласы қандай?
- 7. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
IV. А. Өтегенов — «Мұнай жайлы сыр»
Бұл бөлімде С. Қырымқұлов туралы жазылған естеліктер мазмұнына тоқталып, еңбек тақырыбы арқылы есептер шығарылады.
«Ырғалады, качалка ырғалады,
Ырғалады, бір нәзік сыр қалады.
Жер астында жасырып тұрған мұнай —
Жүрегімнің жасырын тұнған әні.»
Еңбекқорлыққа баулитын есептер
- Деңгейі ыдыс түбінен 10 м биіктікте тұрған мұнай ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
- Ауданы 2 м² поршеньге 800 Н күш әсер етеді. Ауданы 8 м² үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
V. Ө. Озғанбай, Б. Бегеніш — «Адай жылқысын түлеткендер»
Адай жылқысы туралы деректер келтіріліп, оның тәрбиелік мәні түсіндіріледі. Оқушылардың бойында елжандылық, еңбекқорлық және жауапкершілік сезімін оятуға мән беріледі.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан Мұрат, Ұлықпан, Мейрамбек орындауындағы «Адай» күйінің үзіндісі көрсетіліп, оқушылар сергіп алады.
VI. С. Демеубай, С. Бердияров — «Сырым туралы сырлар»
Ауылымыздың ардақты азаматы Сырым туралы тағылымды деректер оқушы санасына сіңіріледі.
«Өмір дегеніміз — өнер, өнер дегеніміз — өмір. Жақсы адамның ғұмырнамалық сапарын салиқалы қаламгер жүрегіне салып толғаса — өнегелі өмір айнасы көрінеді...»
«Сырға толы кестелер» (кестемен жұмыс)
Тірек ұғымдар: батады, қалқиды, жүзеді.
| Сурет | Ереже | Формула |
|---|---|---|
| Батады | Дененің салмағы көтеруші күштен артық. | FА < mg |
| Қалқиды | Дене тепе-теңдікке келгенше жоғары ығысады. | FА = mg |
| Жүзеді | Көтеруші күш салмаққа тең, дене сұйық ішінде тұрады. | FА = mg |
VII. А. Жүнібеков — «Аманқостан қалған аманат»
«Әр мүшелдің лайықты сөзі бар, айшықталар кезі бар», — деп Аманқос ағамыз адам өмірін айшықтайды. Сіздер биыл бірінші мүшел жасқа келдіңіздер. Ендеше, өздеріңізді біліммен айшықтай түсіңіздер.
Шығармашылық жұмыс: эссе
Қалаған суреттеріңізді таңдап, «Қысым» тақырыбын кірістіре отырып қысқаша эссе жазыңыздар.
VIII. Ө. Озғанбаев — «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер»
«Сөйлейді өзің жайлы өлең бүгін,
Сөйлетпей қоймас сенің кемелдігің.
Өзіңе жұртты тартып тұрады ғой,
Кеңдігің, биіктігің, тереңдігің.»
Өмірзақ атамыздың өмір жолы мен өнегелі еңбегі үлгі етіліп, оқушыларды ізденіске, жауапкершілікке және биік мұратқа жетелейді.
Ойлан, тап, жаз! (семантикалық карта)
| № | Физикалық шама | Өлшем бірлік |
|---|---|---|
| 1 | Қысым | Па (Н/м²) |
| 2 | Масса | кг |
| 3 | Тығыздық | кг/м³ |
| 4 | Архимед күші | Н |
| 5 | Көлем | м³ |
| 6 | Аудан | м² |
Қорытынды: рухани бай, адамгершілігі мол азамат болайық.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Белсенділік, жауаптың дәлдігі, есеп шығару дағдысы және шығармашылық жұмыстың сапасы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
- «Қысым» тарауын қайталау
- Есептер шығару