Ескендір поэмасын оқу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету; поэманың идеялық-тақырыптық негізін, астарлы ойын тануға жетелеу; шығарманың тереңіне бойлату және ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық
Поэманы талдай білуге төселдіру; сын тұрғысынан ойлау арқылы түйін ойды дәл жеткізуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру. Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың дара мүмкіндіктерін ашу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Тәрбиелік
Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде білім алушылардың дүниетанымын кеңейту; адамгершілік қасиеттерін шыңдау; рухани-имандылыққа, ізденіске, іскерлікке тәрбиелеу және танымдық белсенділігін арттыру.
Ой шақыру
Төмендегі сұрақтар арқылы сабақтың негізгі тұлғасын айқындап көрейік:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті, мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке, бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Стратегия: «Кім?»
Абай және поэма жанры
Абай Құнанбаев — қазақ әдебиеті мен өнері тарихында дараланған ұлы тұлға. Қазақ жерінде ақын да, данышпан да аз болмағанымен, Абай — біреу-ақ.
Абайы бар ел кез келген халықпен терезесін теңестіре алады; мұндай елдің мерейі үстем. Ол қазақтың бір өңірінде туып, бар қазақтың рухани туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын мұрасы ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Абай шығармашылығында ерекше орын алатын саланың бірі — поэмалары.
Миға шабуыл (1 минут)
- Поэма дегеніміз не?
- Абайдың неше поэмасы бар?
«Сөздер сөйлейді» (1 минут)
Тапсырма: сөздердің мағынасын ашып, орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз.
Үй тапсырмасы
- Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау.
- «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңдерінен үзінді жаттау.
- «Ескендір» поэмасын оқу.