Рио Олимпиада чемпиондары кімдер

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған үздік сабақтар бәйгесі

9-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы. Тақырып өзегі — «Қазақстан спорты қарыштап дамуда» және септеулік шылаулар.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, дене шынықтыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың Қазақстан спорт жұлдыздары туралы білімін тексеру; «спорт» тақырыбын қорытындылау; тақырып бойынша білімді жүйелеу және тиянақтау; грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау, ауызша сөйлеу және бақылау қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру; сөздік қорды байытып, ой-өрісті кеңейту.

Тәрбиелік

Туған жерге, Отанға сүйіспеншілікті арттыру; салауатты өмір салтына және патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Оқыту әдістері

  • Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап
  • Аударма (орысша↔қазақша), талдау
  • Өзіндік іздену, баяндау
  • Семантикалық карта, салыстыру

Көрнекіліктер

  • Слайдтық презентация
  • Мәтін, ереже, үлестірмелі материал
  • Кеспелер, кестелер, жетондар

Бағалау қағидасы

Әр дұрыс жауап пен орындалған тапсырма үшін командаға жетон беріледі. Сабақ соңында көп жетон жинаған топ жеңімпаз атанады (жетон — медальдің баламасы).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады: шаттық шеңбер құрып, оқушылар доп лақтыру арқылы бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

Оқушылар спорт құралдарын таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді: «Боксшылар» және «Зілтеміршілер».

Патриоттық кіріспе

«Көк тудың желбірегені» әні тыңдалып, мазмұны талқыланады: Отан, мемлекеттік рәміздер, елге қызмет ету ұғымдарына назар аударылады.

Мәнерлеп оқу

Көк тудың желбірегені —
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес, маған керегі —
Көк тудың желбірегені.

Сөздік жұмысы

Ту
флаг
Қуат
сила
Жан
душа
Желбірегені
развеялся
Талас
спор
Түссе
если наступит
Маған керегі
мне нужно

II. Үй тапсырмасын тексеру

I тур — «Интеллектуалды марафон»

  1. 1.Ежелгі Олимпиада ойындары қай елде пайда болды?
  2. 2.Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не?
  3. 3.Бес шығыршық ненің белгісі?
  4. 4.Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?
  5. 5.Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарын атаңдар.
  6. 6.Лондон Олимпиадасы туралы не білесіңдер?
  7. 7.Лондон Олимпиадасының жүлдегерлерін атаңдар.
  8. 8.Жазғы және қысқы спорт түрлерін атаңдар.
  9. 9.Шылау дегеніміз не?
  10. 10.Жалғаулық дегеніміз не?

II тур — «Интеллектуалды көкпар»

Тапсырма: сөйлемдерді орысшаға аудару және жалғаулықтардың түрін ажырату.

  1. 1.Үстелде қалам да, қарындаш та, дәптер де жатыр.
  2. 2.Ол орыс, бірақ қазақша сөйлей алады.
  3. 3.Кеше мен жұмыстан ерте кетіп қалдым, өйткені басым қатты ауырды.
  4. 4.Мен ауырып қалдым, сол себептен сабаққа бармадым.
  5. 5.Біресе күн жылы болады, біресе қатты аяз, жел соғады.
  6. 6.Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз.

III. Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

Қазақстан спорты: Олимпиада нәтижелері және Рио-2016

Қазақстан спорты қарқынды дамып келеді. Елде спорттың көптеген түрі өркендеп, әлемге танылған спортшылар қатары жыл сайын артуда.

1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадаға Қазақстаннан 94 спортшы қатысып, құрама 3 алтын, 4 күміс, 4 қола — барлығы 11 медаль алып, командалық есепте 24-орынды иеленді.

2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 130 спортшы бақ сынап, Қазақстан 22-орынға көтерілді. 2004 жылғы Афины Олимпиадасына 114 спортшы қатысып, нәтиже 40-орынға төмендеді. 2008 жылы Бейжіңде 129 спортшы қатысып, Қазақстан 29-орыннан көрінді.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасы ерекше табысты өтті: 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, 12-орынды еншіледік.

2016 жылы XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилияда, Рио-де-Жанейро қаласында 5–21 тамыз аралығында өтті. Жарысқа 146 елден 5412 спортшы қатысып, 28 спорт түрінен 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан Рио Олимпиадасына 26 спорт түрінен 104 спортшы апарып, жалпы 17 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Бұл — ел спорты тарихындағы күміс және жалпы жүлде саны бойынша маңызды көрсеткіш.

Грамматикалық тақырып

Септеулік шылаулар

Септеуліктер белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Олар сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырып, мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын нақтылайды және сөзден кейін орналасады.

Атау септігіне қатысты

үшін (для), сайын (каждый раз), сияқты/секілді (как), туралы (про), арқылы (через), бойы/бойымен (вдоль), шамалы/шақты (около).

Барыс септігіне қатысты

дейін/шейін (до), қарай/таман (в сторону), тарта/жуық/таяу (около).

Шығыс септігіне қатысты

гөрі (по сравнению), бері (с тех пор), кейін/соң (после), бұрын (до).

Көмектес септігіне қатысты

қатар (в одном ряду), бірге (вместе), қоса (вдвоём вместе).

IV. Бекіту тапсырмалары

III тур — Постер қорғау

1-топ: «Боксшылар»

«Бокс спорты» тақырыбында постер дайындап, қорғайды.

2-топ: «Зілтеміршілер»

«Ауыр атлетика» тақырыбында постер дайындап, қорғайды.

IV тур — «Интеллектуалды жекпе-жек»

Қима қағаздармен жұмыс: семантикалық картаны толтыру, жауаптарды алмастырып тексеру.

үшін бері туралы дейін шейін жуық секілді бірге соң гөрі кейін сайын

V тур — «Интеллектуалды спринт»

Тапсырма: сөз тіркестерін қазақшаға аудару, септікті анықтау, сөйлем құрастыру.

1-топ

  • до Олимпиады
  • в течение года
  • по его рассказам
  • после состязаний
  • после обеда

2-топ

  • через тебя
  • о спорте
  • ради тебя
  • для здоровья
  • с прошлого года

Сергіту сәті

— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін.
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін.
— Құлақ не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін.
— Ал аяғың не үшін керек?
— Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Қорытынды ой: шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Қазақ тілінің көркем әрі жүйелі болуына олардың үлесі зор.

V. Қорытындылау (сұрақ-жауап)

  1. 1. XXXI жазғы Олимпиада ойындары қайда ұйымдастырылды?
  2. 2. Олимпиада қашан өтті?
  3. 3. Ойындар қай спорт кешенінде өтті?
  4. 4. Қазақстаннан неше спорт түрінен, қанша спортшы қатысты?
  5. 5. Қазақстандықтар барлығы неше медаль алды?
  6. 6. Рио Олимпиада чемпиондары кімдер?
  7. 7. Өзіңнің өңіріңде спорттың қай түрлері жақсы дамыған?
  8. 8. Қалаңда (Орал) қандай ірі спорт нысандары бар?
  9. 9. Жерлес чемпиондарың кімдер?
  10. 10. Батыс Қазақстаннан Рио Олимпиадасының чемпиондары болған кімдер?

Бағалау және рефлексия

Топтық жұмысты қорытындылау

Жетондар саны есептеледі, нәтижесіне қарай топтар бағаланады.

«Бағдаршам» әдісі

  • Қызыл — сабақ ұнамады
  • Сары — орташа
  • Жасыл — сабақ ұнады

Үй тапсырмасы

  1. 1.Берілген мәтінді әңгімелеп келу.
  2. 2.Спорт туралы мақал-мәтел жазып келу.

Автор туралы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ауылы, Махамбет жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің I санатты мұғалімі — Жұмашева Нұргүл Мұратовна.