Мәтіндік редакторларын параметрлерін ретке келтіру
7–8-сыныпқа арналған «Қызықты информатика» факультатив жоспары
Бұл жоспар 7–8-сынып оқушыларына арналған факультатив сабақтардың мазмұнын жүйелейді. Бағдарлама мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу, операциялық жүйелер негіздері, компьютерлік графика және Paint графикалық редакторын меңгеруге бағытталған.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс
- Мәтіндік редактордың құрылымы мен негізгі мүмкіндіктерін.
- Негізгі ұғымдар мен терминдерді.
- Кесте құрастыру қағидаларын.
- Жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету түрлерін және қолданылуын.
- Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу элементтерін.
- Мәтіндік процессорларда автоматты ретке келтірудің (автоқұралдардың) мақсаты мен мүмкіндіктерін.
- Үстелдік баспалық жүйелерді, олардың мүмкіндіктерін және бағдарламалық қамтамасыз етуін.
- Интернетте жұмыс істеу негіздерін.
Оқушы істей білуі керек
- Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу.
- Компьютерге қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату.
- Мәтіндік редактор параметрлерін баптау.
- Microsoft Excel бағдарламасында жұмыс істеу.
- Баспалық жүйе көмегімен макеттеу және хаттау жұмыстарын орындау.
- Қазіргі заманғы кеңсе техникалық құралдарын қолдану.
- Құжаттарды тану жүйелерімен жұмыс істеу.
Оқу материалының үлгілік-тақырыптық жоспарлануы
MS Word
8 сағат- 1.Мәтіндік редактор. Мәтінмен жұмыс.
- 2.Абзац пен символдарды форматтау.
- 3.Кестелер мен суреттер.
- 4.Графикалық және мәтіндік ақпаратты өңдеу (аралас).
- 5.Беттерді әшекейлеу.
- 6.Құжатты басып шығару.
Операциялық жүйе
6 сағат- 7.Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі.
- 8.Негізгі ұғымдар мен белгілер.
- 9.Операциялық жүйелердің түрлері.
- 10.Практикалық жұмыс.
Графика
8 сағат- 11.Графикалық форматтар.
- 12.Растрлық графика.
- 13.Векторлық графика.
- 14.Суретпен жұмыс.
Paint графикалық редакторы
6 сағат- 15.Бағдарлама терезесі.
- 16.Сызықтар мен доғалар. Геометриялық фигуралар.
- 17.Мәтін енгізу.
Жауапты мұғалім
Информатика пәні мұғалімі: Сарсенов Кучур Мубаракович