Пайдалы қазбаларды таныту

Дүниетану (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері (слайд)

Мақсаты

  • Оқушыларға пайдалы қазбалардың түрлері туралы түсіндіру.
  • Пайдалы қазбалардың негізгі атауларымен таныстыру.
  • Табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Негізгі идея

Пайдалы қазбалар — жер қойнауынан алынатын, адам қажетіне жарайтын табиғи байлықтар. Олар әртүрлі күйде кездесіп, түрлі қасиеттерге ие болады.

Есте сақтайық

Карталарда пайдалы қазбалардың орналасуын шартты белгілер арқылы көрсетеді.

Пайдалы қазбалардың түрлері

Газ тәрізді

Мысалы: табиғи газ.

Қатты

Мысалы: көмір, тұз, гранит.

Сұйық

Мысалы: мұнай.

Пайдалы қазбалардың қасиеттері мен топтары

Жанғыш пайдалы қазбалар

Отын
  • Жанғанда жылу бөледі.
  • Отын ретінде пайдаланылады.

Мысалдар

Көмір, мұнай, газ (жанармай, жағармай, жермай).

Кенді пайдалы қазбалар

Металл бар
  • Құрамында металл болады.
  • Көбіне қатты күйде кездеседі.

Мысалдар

Темір, алюминий, мыс, қорғасын және т.б.

Кенсіз пайдалы қазбалар

Металл жоқ
  • Құрамында металл болмайды.
  • Құрылысқа және тұрмысқа кең қолданылады.

Мысалдар

Тұздар, мәрмәр, гранит, әктас, құм, саз және т.б.

Сөздікпен жұмыс

Қамба

Жер асты байлығы.

Геолог

Пайдалы қазбалардың орналасқан жерін зерттейтін маман.

Шартты белгілер

Картада пайдалы қазбалардың орнын көрсету үшін қолданылатын белгілер.

Сұрақтар

  1. 1 Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?
  2. 2 Қамба дегеніміз не?
  3. 3 Пайдалы қазбаларды іздеумен кімдер айналысады?
  4. 4 Шартты белгілер не үшін қажет?