Облыстың шаруашылығы дамуына байланысты қорлар
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты — тарихи дерек ретінде
Мазмұны
- 1 Кіріспе
- 2 І тарау. Облыстың шаруашылығының дамуына байланысты қорлар 1.1 Өнеркәсіп салалары бойынша қорлар 1.2 Ауыл шаруашылығына қатысты қорлар
- 3 ІІ тарау. Әлеуметтік-мәдени дамуына байланысты қорлар 2.1 Мәдениет және спортқа қатысты қорлар 2.2 Оқу-ағарту ісіне байланысты қорлар
- 4 Қорытынды
- 5 Пайдаланылған деректер тізімі
Кіріспе
Мұрағат — тарихи материалдың жинақталған кеңістігі, өткен өмірдің деректі ескерткіші. Онда қоғамның әр кезеңіндегі құбылыстар, бастан өткерген тарих, дипломатиялық қатынастар, саяси-қоғамдық және экономикалық өмірдің сан алуан қырлары сақталып, зерттеуге негіз болады.
Мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың мақсаты — Ақтөбе облысының шаруашылық және әлеуметтік-мәдени салаларына қатысты мұрағат қорларын жинақтап, жүйелеу және оларды ғылыми айналымға енгізу.
- Мұрағаттағы облыс шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни тұрғыдан талдап, салалары бойынша топтастыру.
- Өлкенің әлеуметтік-мәдени дамуына байланысты оқу-ағарту, мәдениет және спорт салаларының қорларын біріздендіріп, жүйелеу.
- Ақтөбе облысының шаруашылық және мәдени-ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттармен қатар, мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау.
- Мұрағат қорларының Ақтөбе тарихындағы орнын айқындау.
Тақырыптың өзектілігі
Мұрағат қорлары өңір тарихын зерттеуде деректік негіз ретінде маңызды рөл атқарады. Олар өткен дәуірдің нақты айғақтарын сақтай отырып, тарихи оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Зерттелу деңгейі
Қазақстан мұрағаттарына қатысты әдебиеттер саны шектеулі. Мерзімді баспасөзде жекелеген авторлардың кезеңдік мақалалары болғанымен, осы уақытқа дейін қазақ немесе орыс тілінде жарық көрген жүйелі әрі ауқымды еңбектер аз.
Тақырыптың жаңашылдығы
Республика көлемінде тарихнама мен мәдени мұраға қатысты көптеген мәселе қайта қарастырылып, жаңа қырынан талқыланып келеді. Соның ішінде мұрағат ісін зерттеу бағыты енді ғана жүйелі түрде қолға алына бастады. Ақтөбедегі облыстық мұрағат қорларын зерттеу, оларды топтастырып жинақтау — өзекті әрі тың бағыттардың бірі.
Тараулар құрылымы
І тарау. Шаруашылық дамуына байланысты қорлар
- 1.1 Өнеркәсіп салалары бойынша қорлар
- 1.2 Ауыл шаруашылығына қатысты қорлар
ІІ тарау. Әлеуметтік-мәдени дамуына байланысты қорлар
- 2.1 Мәдениет және спортқа қатысты қорлар
- 2.2 Оқу-ағарту ісіне байланысты қорлар