Киелі сандардың қасиеті

Мазмұны

Бөлімдер

  1. Кіріспе
  2. Киелі сандар сыры туралы
  3. Киелі сандардың қасиеті
  4. Киелі сандардың зерттелуі
  5. Зерттеуші ғалымдар
  6. Сандар сөйлейді
  7. Зерттеу тұжырымы
  8. Жұлдызшылар есебі
  9. Қорытынды
  10. Практикалық кезең
  11. Қолданылған әдебиеттер
  12. Қосымша

Тақырыбы

Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына ұсынылған материал: «Киелі сандар сыры».

Бұл мәтін киелі сандардың қазақ дүниетанымындағы орны, тілдік-мәдени көрінісі және зерттелу тарихын жинақтап ұсынады.

Кіріспе

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты

  1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар туралы мәліметтерді көпшілік қажетіне жарату.
  2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабадан келе жатқан дәстүріндегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін көрсету, олардың қасиеттілігі неде екенін айқындап, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.

Өзектілігі

Заман өзгергенімен, халықтың сенімі мен құпияға құштарлығы өшпейді. Сондықтан ата-бабадан жеткен киелі сандарға үңіліп, олардың мәдени-танымдық астарын түсіну – әрдайым өзекті мәселе.

дәстүр наным-сенім тіл мен мәдениет киелі сандар

Міндеттер

  • Киелі сандарға қатысты еңбектерді оқып, талдау.
  • Зерттеуші ғалымдарды анықтап, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
  • Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру.
  • Маңыздылығын айқындау.
  • Электронды нұсқасын әзірлеу.

Зерттеу кезеңдері

  1. I – теориялық: әдебиеттермен танысу, сайттар мен интернет деректерін қарастыру.
  2. II – практикалық: кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
  3. III – бекіту: мәліметтерді жүйелеу, түзетулер енгізу, нәтижеге сай баяндама әзірлеу.

Әдістер және тәжірибелік құндылық

  • Тарихи-салыстырмалы талдау.
  • Бақылау әдісі (анкета).
  • Тірек сызбалар мен кестелер құру.

Жинақталған материалдарды жалпы білім беретін мектептерде және қазақ тілін өзге ұлт өкілдері оқитын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ қызықты грамматика ретінде оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

1. Киелі сандар сыры туралы

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ұрпақ білімсіз болса, елдің келешегі де бұлыңғыр. Әрбір мемлекет пен ұлт өз өкілінің білімі, таланты, дарындылығы және табиғи қабілеті арқылы биіктен көрінеді.

Ұлттық салт-сананы ана сүтімен, әке қанымен сіңірген ұрпақ заман талабына сай біліммен қаруланса, елдің мәртебесі биік, еңсесі еңселі болмақ.

Негізгі ой

Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген.

Бұл тұжырымға сену немесе сенбеу – әркімнің өз еркінде. Дегенмен әр санның адам өмірінде белгілі бір мәні бар екенін жоққа шығара алмаймыз.

1.1 Киелі сандардың қасиеті

Қазақ халқы киеге ерекше мән берген. Табиғат құбылыстарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сол сияқты қазақ дүниетанымында мағынасы айрықша саналатын сандар да жиі ұшырасады.

3 7 9 40 — салт-дәстүр, ырым-тыйым, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерде жиі кездеседі.

Сандардың тілдегі ізі

Ескілікті наным-сенімдердің тілдік көрінісі сан атауларымен келген тұрақты оралымдарда мол сақталған. Халық әр алуан құбылысты бақылап, ортақ қасиетін санмен түйіп, санамалап айтқан.

Сандар ертеде уақыт өлшемі мен көлемдік өлшем ретінде де қызмет атқарған: мысалы, әуелде бескүндік апта, кейін жеті күндік апта қалыптасты.

Қай сандар жиірек киеленеді?

Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы белсенділігі бірдей емес. Есептік сан есімдер жиі қолданылады, ал ерекше мәнде қолданылатындары қатарында төрт, жеті, тоғыз, қырық сандары айрықша көзге түседі.

Бұл сандардың аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда және салт-дәстүрдегі орны олардың тарихи тамыры тереңде жатқанын аңғартады.

Салыстырмалы кесте: 1–10 (славян және түркі тілдері)

Тіл 1–10 сан атаулары
Орысша один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять
Қазақша бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он
Полякша jeden, dwa, trzy, cztery, pięć, sześć, siedem, osiem, dziewięć, dziesięć
Өзбекше bir, ikki, uch, to‘rt, besh, olti, yetti, sakkiz, to‘qqiz, o‘n
Чехше jeden, dva, tři, čtyři, pět, šest, sedm, osm, devět, deset
Туваша бир, ики, үш, дөрт, беш, алды, чеди, сес, тос, он
Болгарша edin, dva, tri, chetiri, pet, shest, sedem, osem, devet, deset
Хақасша пір, ікі, үс, төрт, пис, алты, читі, сигіс, тоғыс, он
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», — Гете.

2. Киелі сандардың зерттелуі

Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері туралы көптеген еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Академик В. А. Гордлевский түркі тілдеріндегі сан атауларын арнайы қарастырды, еңбегінде В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд пікірлерін негізге алады.

Сондай-ақ Г. Н. Потанин фольклор мен түрлі халықтардың шығармаларына талдау жасап, 3, 7, 9 сандарының қасиетті деп қабылдануы фольклорда жиі ұшырасатынын атап өтеді.

Назар аударатын тұжырым

Потанин киелі сандардың себебін тек «аспан денелерін дәріптеумен» түсіндіру әрдайым дұрыс бола бермейтінін ескертеді. Бұл бағыттағы еңбектерде сан атауларының мағынасы, қоғамдық санамен байланысы және мәдени негізі қарастырылады.

2.1 Зерттеуші ғалымдар

Қазақ тіл білімінде сандарды әр қырынан зерттеу үрдісі қалыптасқан: киелі сандарды бөліп қарастыру, сандарға қатысты ұғымдардың тарихы, фольклор мен әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, этнолингвистикалық сипаты және лингвомәдени мәні.

Бастау көздерінің бірі

І. Кеңесбаев фразеологизмдерге ұйытқы болған сандардың семантикалық қызметін ашып, олардың көне діни сенімдермен байланысын көрсетеді.

Зерттеу кеңістігі

Сандарға қатысты түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізген ғалымдар қатарында: Л. Базен, Э. Р. Тенишев, В. И. Чернышев, Э. А. Умаров, М. Уаңкі және т.б. бар.

1927 жылы Ленинградта сандарға қатысты тілдік мәселелерге арналған конференция өтіп, сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, дүниетаныммен байланыстыра зерттеу қажеттігі атап көрсетілді.

Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеген арнайы топ жұмыс істеді. Мүшелері қатарында: Н. С. Державин, М. П. Долобко, Н. Н. Поппе, А. Н. Самойлович, Л. П. Якубинский, П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр және т.б.

Түркі тілдеріндегі сан есімдер XVII ғасырдан бері қарастырылып келеді. XIX ғасырдағы зерттеулер ішінде Г. И. Рамстед еңбектерін атап өтуге болады: ол сан атауларының саусаққа қатысты шығу тегі туралы болжам жасап, әсіресе «бес» санының этимологиясына назар аудартты.

Қазақ тіл білімінде сандар мәселесі Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаева еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.

3. Сандар сөйлейді

Қазақ халқы тілге бай, әр сөзге мән берген. Қазақ танымында әр санның да өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні және қолданылатын орны болған. Ендеше 1-ден 10-ға дейінгі сандардың мәдени мазмұнына қысқаша тоқталайық.

1 санының мәні

  • Алла жалғыз. Алладан басқа тәңір жоқ.
  • Күні-түні дем алмайтын екеу: Ай және Күн.
  • Патшалық құрған екеу (мұсылман) және екеу (кәпір): Мұсылмандардан — Сүлеймен, Ескендір Зұлқарнайын; кәпірлерден — Нәмруд, Шәддад.
  • Пейіште болмайтын екеу: ауру-сырқау және ұйқы.
  • Екі нәрсемен тату болу: жарыңмен және бастығыңмен.
  • Халық қашады, бірақ құтыла алмайды: нәпсі және шәһуат.

3 санының «байламдары»

Үш көз

Су анасы — бұлақ, жол анасы — тұяқ, сөз анасы — құлақ.

Үш тоқтам

Ақыл — арқан, ой — өріс, адам — қазық.

Үш жүз

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш тәтті

Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат

Ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт

Өз жұртың — күншіл, қайын жұртың — міншіл, нағашы жұртың — сыншыл.

Үш жұрт туралы тарату

Қайын жұрт: қолыңның ұзындығына, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең — жағасың, бермесең — дауға қаласың.

Өз жұрт: ағайын. Бар болсаң — көре алмайды, жоқ болсаң — бөліп бере алмайды. Жақсы болсаң — күндейді, жаман болсаң — жүндейді.

Нағашы жұрт: жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді.

Тағы да «үштік» ұғымдар

  • Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ.
  • Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
  • Үш қазына: ер қазынасы — жүрген із; ел қазынасы — көне сөз; тіл қазынасы — ескі сөз.
  • Үш мақсат: саудагер мақсаты — ұту; жол мұраты — жету; дау мұраты — біту.
  • Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті; байимын деп кедей үмітті; кетем деп қыз үмітті.
  • Үш кемшілік: атың шабан болса — жалғанның азабы; алғаның жаман болса — дүниенің тозағы; балаң жаман болса — көрінгеннің мазағы.

Үш би туралы шумақ

Үш жүзде болса да олар басты кісі, Қазыбек, Төле, Әйтеке — менің кісі. Соларға жол көрсеткен ұстаз едім, Сардар деп құрметтейін үлкен-кіші.

Жеңіс жоқ соғыстарда шабандарға, Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға. Жеңіске жету үшін қайрат қылып, Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.

Мәлім ғой, елге әскер басқарғаным, Болдым деп Ордабасы мастанбадым. Мылтығы көп болса да кәпір жаудың, Қалмақтың әскерінен жасқанбадым.

Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл, Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ, Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.

4 санының қадір-қасиеті

  • Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.
  • Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил.
  • Төрт кітап: Тәурат, Забур, Інжіл, Құран.
  • Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
  • Төрт құбыла: шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.
  • Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.
  • Төрт түлік пірлері: Ойсылқара (түйе), Қамбар ата (жылқы), Зеңгі баба (сиыр), Шопан ата/Шекшек ата (қой-ешкі).
  • Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру; нақақтан қан төгу; ата-анаға тіл тигізу; өтірік куә болу.
  • Төрт пайғамбар тірі: Иса, Ыдырыс, Қыдыр, Ілияс.
  • Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейірім-шапағат.
  • Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария).
  • Төрт бейғамсыздық: өлімді ойлау; залыммен отырмау; онымен сөйлеспеу; аулақ жүру.

5–7 сандары: парыз, борыш, құндылық

5 саны

  • Бес уақыт намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан.
  • Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
  • Бес борыш: Аллаға/пайғамбарға; өзіне; мемлекет пен халыққа; отбасы мен жақындарға; адамгершілік әлеміне.
  • Бес өсиет: топасқа сенбе; жауға иілме; сақ жүр; аш үйге қонба; жарлыдан сый алма.
  • Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

6 саны

6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе жеткілікті деген: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал.

Алты алаш

Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, (мәтінде) жайылма.

Адамдардың бір-біріне алты парызы

  1. Сәлем беру.
  2. Шақырса бару.
  3. Кеңес сұраса — ақыл қосу.
  4. Сұрағына жауап беру.
  5. Ауырып қалса — көңіл сұрау.
  6. Қайтыс болса — жерлеуге қатысу.

Алты асқар

Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл.

7 саны

Жеті саны ерекше киелі саналады. Мысалы, бала 7 жасында мектепке барады. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

  • Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.
  • Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.
  • Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
  • Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім; киюсіз тозған бөз жетім; иесіз қалған жер жетім; басшысы жоқ ел жетім; аққу-қазсыз көл жетім; жерінен айырылған ер жетім; замандасы қалмаса — бәрінен де сол жетім.

8 саны: жәннат және сегіз есік

Пейіштің сегіз түрі (мәтіндегі нұсқа)

  1. Дәрісләм — қызыл жақұттан.
  2. Дәрілқарар — күмістен.
  3. Жәннатіл нағим — зәмрүттен.
  4. Жәннатіл ғадин — лағылдан.
  5. Жәннатіл мәғуй — гауһардан.
  6. Дәрін нақар — нұрдан.
  7. Жәннатіл фердәуіс — зүбаржаттан.
  8. Жәннатіл ағла — алтыннан.

Сегіз адамға жұмақ лайық (мәтіндегі нұсқа)

  1. Ораза ұстағандарға.
  2. Жаман сөзден сақтанғандарға.
  3. Құран оқығандарға.
  4. Аш адамға тамақ бергендерге.
  5. Жастайынан намаз оқығандарға.
  6. Сиқырдан аулақ болғандарға.
  7. Өзіне жақсылық тілегендерге.
  8. Өзгеге де жақсылық тілегендерге.

Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер (мәтіндегі нұсқа)

  1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» калимасы жазылған есіктен — пайғамбарлар, шейіттер, жомарттар.
  2. Намазды, дәретті толық орындағандар.
  3. Малынан зекет бергендер.
  4. Алланың үкімін орындағандар.
  5. Нәпсісін тыйғандар.
  6. Қаж амалын орындағандар.
  7. Аллаһ жолында соғысқа шыққандар.
  8. Арамға көз жұмып, жақсы істі көбейткендер.

9 саны: періштелер және тоғызқұмалақ

Тоғыз періште (мәтіндегі нұсқа)

  1. Жәбірейіл — Алланың сөзін пайғамбарларға жеткізуші.
  2. Мекайіл — ризықтың уәкілі.
  3. Әзірейіл — жан алушы.
  4. Ысырайыл — ақырзаманға дейін «сүрді» алып жүретін періште.
  5. Дардайыл — ай, күн, жұлдыздардың уәкілі.
  6. Ысмайыл — жер бетіндегі киелілердің жебеушісі.
  7. Зұлқайыл — қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште.
  8. Ахрайыл — дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі.
  9. Мәлік — жеті тозақтың уәкілі.

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Кейбір мамандар бұл мерзім одан да ертерек болуы мүмкін екенін айтады.

Бұрынғы ғасырларда тоғызқұмалақ қазақ даласында кең тараған ойын болған.

Мәтін соңында «Он түрлі жаман» туралы Тәуке ханға қатысты оқиға басталады, бірақ берілген үзінді аяқталмаған.