Мақта қыз, мысық

Сабақтың тақырыбы

5-сынып қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Сабақтың мақсаты

  • Ертегілер, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.
  • «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстырып, идеясын анықтай білуге үйрету.
  • Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, мазмұндау дағдыларын дамыту және сөздік қорын толықтыру.
  • Халық ауыз әдебиетіне қызығушылық оятып, тілге құрмет сезімін тәрбиелеу.
  • Еңбек пен ақылдың, достықтың құндылығын ұғындыру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

мәнерлеп оқу баяндау сұрақ-жауап талдау

Көрнекіліктер

  • «Қазақ ертегілері» жинағы
  • суреттер, қосымша материалдар
  • интерактивті тақта, тірек-сызба

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім Сәлеметсіңдер ме, балалар?
  • Оқушы Сәлеметсіз!
  • Мұғалім Сыныпта кім жоқ?
  • Оқушы Сыныпта оқушылардың бәрі бар.
  • Мұғалім Бүгін нешесі?
  • Оқушы Бүгін желтоқсанның төрті.

2) Үй тапсырмасын тексеру («Түлкі мен ешкі»)

Сұрақ-жауап

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесің?
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер.
Ертегі деген не?
Ертегі — халық ауыз әдебиетінің ең кең тараған түрі.
Ертегілер неше топқа бөлінеді?
Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері.
Хайуанаттар туралы қандай ертегі оқыдыңдар?
«Түлкі мен ешкі» ертегісін.
Ертегінің бас кейіпкерлері кімдер?
Түлкі мен ешкі.

Жаңа сабақ: «Мақта қыз бен мысық»

Бүгін оқушылар ертегі мәтінімен танысып, түсініксіз сөздерді талдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады және ертегінің идеясын анықтайды.

1) Сөздікпен жұмыс

Сөз / тіркес
Түсіндірме
Мейіз
Изюм
Қатығын төгеді
Кефирді төгеді
Тауып алады
Табады
Шөлдеп тұрмын
Су ішкім келеді
Дән
Зерно
Бас салады
Жұлқып алады, ұмтылады
Жаныңның барында
Тірі күніңде, аман кезде
Табақ
Блюдце

2) Сөз тіркестерін құрастыру

Тәтті мейіз Алтын дән Кішкентай тышқан

3) Сөйлем құрастыру

  • Әжем тәтті мейіз сатып алды.
  • Кішкентай тышқан алтын дән тауып алды.

4) Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқиды.
  • Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландырып, қиын тұстарын бірге оқып, мағынасын түсіндіреді.
  • Кейіпкерлерді атайды: Мақта қыз, мысық, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан және т.б.
  • Интерактивті тақта арқылы ертегіден көрініс көрсетіледі.

Сабақты бекіту

1) Рөлге бөліп оқу

  • Ертегіні рөлдерге бөліп оқыту.
  • Әр оқушыға рөлдерді таратып беру.

2) Кейіпкерлерді топтау

Негізгі кейіпкерлер

Мақта қыз, мысық.

Қосалқы кейіпкерлер

Ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

3) Ертегінің түрін анықтау

«Мақта қыз бен мысық» — тұрмыс-салт ертегісі.

Тапсырма (1-топ)

Мысық қатық іздегенде кімге қашан барғанын ретімен айтыңдар.

  1. 1. Мақта қыз
  2. 2. Сиыр
  3. 3. Ағаш
  4. 4. Қыздар
  5. 5. Дүкенші
  6. 6. Тауық
  7. 7. Тышқан

Тапсырма (2-топ)

Мысық қайсысынан не алды? Сәйкестендіріп айтыңдар.

  • Сиыр — қатық
  • Ағаш — жапырақ
  • Қыздар — су
  • Дүкенші — сағыз
  • Тауық — жұмыртқа
  • Тышқан — тары

Қорытындылау

Қатықты табу үшін мысықтың жүрген жолын сурет арқылы сызба түрінде көрсетіп, ойын ретінде ертегінің мазмұнын айтып беру ұсынылады.

Рефлексияға бағыттайтын сұрақтар

  • Мысық неліктен бірден қатыққа қол жеткізе алмады?
  • Оқиғалар тізбегі ертегінің негізгі идеясын қалай ашады?
  • Еңбек, ақыл және достық қай тұстарда көрінеді?