Сөздерді көшіріп жаз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сынып
- 2-сынып
- Пән
- Қазақ тілі
- Тақырып
- Я әрпінің жазылуы
- Сабақтың мақсаты
- Я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
- Түрі
- Жаңа білімді меңгерту
- Әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта (слайд)
Оқу нәтижелері
Білімділік
Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен, дұрыс жазу үшін я әрпі қолданылатынын түсіндіру.
Тәрбиелік
Көркем әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне тілек айтады. Мысалы: «Сабақта белсенділік таныт!»
II. Мағынаны тану
Ой қозғау: жұмбақ
Қоянда бар,
Қайыңда жоқ.
Қиярда бар,
Қиында жоқ.
Жауабы: Я әрпі
Есіңе сақта!
Я — қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады. Мысалдар: аялдама, аяулы, қоян.
| Естілуі | Жазылуы |
|---|---|
| Қыйар | Қияр |
| Майа | Мая |
| Йа | Я |
Мысал: «Қоян» сөзін талдау
- Қоян — 2 буын, 4 әріп, 5 дыбыс.
- Қ — дауыссыз, қатаң дыбыс.
- О — дауысты, жуан дыбыс.
- Я — қосарлы дауысты дыбыс.
- Н — дауыссыз, үнді дыбыс.
III. Ой толғаныс (жаттығулар)
Дәптермен, тақтамен және оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, я әрпінің астын сыз.
Аяулы, оянғаны, таянғаны.
Қосымша: семантикалық карта.
2-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Я әрпі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Аян сабақ аяқталған соң өзен жағасына келді.
Өзенге таяу жерде мал жайылып жүр.
Өзен баяу ағып жатыр.
Аян судың саяз жерін біраз кешті.
Аяғы тоңып кетті.
Дыбыстық талдау (топтық жұмыс)
I топ • II топ • III топ
Сая
Сия
Мая
«Сая» сөзін талдау
- Сая — 3 әріп, 4 дыбыс.
- С — дауыссыз, қатаң дыбыс.
- а — дауысты, жуан дыбыс.
- я — қосарлы, дауысты дыбыс.
3-жаттығу
Сөздерді көшіріп жаз.
«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар
- Я қандай дыбыс?
- Сыныпта есімінде я әрпі бар ер балалардың аттарын ата.
- «Тақия» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Я әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?
- Йа естілгенімен, солай жазыла ма?
- И дыбысы қандай дыбыс?
4-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Япыр-ай, мектеп ауласы жайнап кетіпті!
- Жаяу Мұса — әнші.
- Автобусқа таяқ ұстаған қария кірді.
- Қыз баланың мінезі биязы болғаны дұрыс.
- Қияр — ерте пісетін көкөністің түрі.
IV. Қорытындылау
Әріп пен дыбыс
| Әріп | Сипаттама |
|---|---|
| Й | Дауыссыз, үнді дыбыс; буын құрамайды. |
| Я | Қосарлы дауысты дыбыс; буын құрайды. |
Жедел сұрақтар
- Я қандай дыбыс?
- «Аяулым» сөзінде я әрпінің орнында қандай екі дыбыс естіледі?
V. Бағалау және мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланып, мадақталады.
VI. Үй тапсырмасы
«Ана» тақырыбына өлең құрастыр немесе шағын шығарма жаз.