Түбір мен қосымша
Сабақ тақырыбы
Түбір мен қосымша. (52–56-жаттығулар)
Сабақтың мақсаты
Түбір мен қосымша туралы білімді кеңейту, сөздердің байланысын және мағынасын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
- Сөз мағынасын түсінеді және қолданады.
- Сөздер құрастырады.
- Тиісті белгісін қойып жазады.
- Қосымшаны ажыратады.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді бекіту және қайталау.
Ресурстар
Суреттер, сызбалар.
Психологиялық дайындық
Ерте-ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті. Қарияның бағында алтын ағаш өсіпті. Ол ағашта піскен алманы базарға апарып сатып, күнін көріпті.
Көршісі қызғанышпен түнде келіп, ағашты кесіп алып, өз үйінің бағына отырғызады. Бірақ ағаш өспей қалады.
Неге? Себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қойған еді.
Дәл сол сияқты сөзде түбір болмаса, оның мағынасы толық болмайды.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз. Ал түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
Жаңа сабақ
Қария бір күні есігінің алдындағы ағашының жоқ екенін байқайды. Дегенмен үмітін үзбей, ағаштың түбіне су құйып, күте бастайды. Біраз уақыттан соң ағашқа жаңа бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді.
Негізгі ой
Атайымыздың ағашы қайтадан мол өнім беруі үшін көмектесеміз: сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды мұқият орындаймыз.
Оқулықпен жұмыс
56-жаттығу
- Ауызша орындау.
- Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.
- Қысқы ойындар туралы сұрақ-жауап.
Сергіту сәті: 53-жаттығу
Ауызша орындау.
Дәптермен және тақтамен жұмыс
54-жаттығу
Тақтамен орындау.
55-жаттығу
Төркөздердегі әріптерден сөз құрастыру.
52–56-жаттығулар
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар жиынтығы.
Қорытынды
Түбір — сөздің тірегі, ал қосымша — сөзді толықтырып, жаңа мағына реңктерін береді. Бүгінгі тапсырмалар арқылы түбір мен қосымшаны ажыратып, сөз мағынасын дұрыс түсіндіруге жаттығамыз.