Бүгін - сәрсенбі

Сабақтың тақырыбы

Шешен билер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Үш жүздің билері — Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға салып, олардың нақыл сөздері мен шешендік үлгілерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық

Билер туралы білімді ұштастырып, жинақтау арқылы оқушылардың ізденімпаздығын және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерді үлгі ете отырып, оқушыларды ақыл-парасатқа, әділдікке, шешендікке баулу.

Көрнекіліктер

  • Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері
  • Нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар
  • Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары — ой шақыру, топтастыру, еркін жауап, дискуссиялық карта, 5 жолды өлең, еркін жазу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут
  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Мотивация кезеңі (қызығушылықты ояту)

2 минут

Мұғалім: Балалар, бүгін аптаның қай күні?

Оқушылар: Бүгін — сәрсенбі.

Мұғалім: Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?

Оқушылар: Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі күндерің сәтті өтсін. Сабақ та сәтті басталып, сәтті аяқталсын.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ».

Осы ойды талдай отырып, әділдік пен турашылдық ұғымдары арқылы жаңа тақырыпқа шығамыз: «Шешен билер».

Оқушыларға сабақ мақсатын өздері тұжырымдатып айтқызу.

Ой шақыру

1 минут

Сұрақ: Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер?

I топ

Төле би ауылы

II топ

Қазыбек би ауылы

III топ

Әйтеке би ауылы

Топтастыру

5 минут

Үш топқа да бірдей тапсырма: «Билер» сөзіне ассоциациялық топтастыру жасау. Оқушылар осы ұғымды естігенде ойларына келген сөздерді топтап жазады.

Мысал сөздер

әділ данышпан шешен беделді тапқыр ел құрметі адал ойланып сөйлейтін

Еркін жауап (мағынаны тану)

12 минут

А) Әр топ өзіне берілген би туралы ойларын ортаға салып, өмірбаянына қысқаша тоқталады.

Ә) Әр топ өз биінің шешендік сөздерін жатқа айтып, шешендігін дәлелдейді.

Дискуссиялық карта

10 минут

Талқылау сұрағы: Ұлы билер қалдырған үлгі-өнегенің қазіргі қоғамға әсері бар ма?

Бес жолды өлең

3 минут
  • Төле би туралы
  • Қазыбек би туралы
  • Әйтеке би туралы

Үй тапсырмасы

1 минут
  1. 1. «Шешен билер — мәңгі біздің есімізде...» тақырыбына шығарма жазу.
  2. 2. Суретке қарап шағын әңгіме құрастыру (Астана қаласында орнатылған ескерткіш).

Қорытынды кезең

3 минут

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?

Өзіңе қандай тәлім-тәрбие алдың?

Сабақ мақсатымызға жеттік пе?

Бағалау

2 минут

Оқушыларға тиісті бағаларын қою: әр оқушының нәтижесін қысқаша сипаттап, жетістіктері мен жақсы қырларын атап өту.