Құраған мәтіннен сын есімді табу

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды сын есім

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларға сын есім туралы білім беру, сөйлем ішінен сын есімді табуға үйрету.
  • Кішіпейілділікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа баулу.
  • Ақыл-ой мен логикалық ойлау дағдыларын дамытып, сөздік қорын кеңейту.

Сабақ көрнекілігі

Мазмұнды суреттер Кестелер Тест жинақтары Интерактивті тақта Слайдтар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

2) Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тыңдау, қателермен жұмыс жасау.

3) Өткенді пысықтау

«Кубизм» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.

Сұрақ-жауап
  1. 1 Сын есім дегеніміз не?
  2. 2 Сын есімнің қандай түрлерін білесің?
  3. 3 Негізгі сын есім дегеніміз не?
  4. 4 Туынды сын есім дегеніміз не?
  5. 5 Сын есім қатысқан сөйлем құрастыр.

4) Интерактивті тақтамен жұмыс

Тақтадан қандай сурет көрдіңдер? (Алма)

Алмаға сипаттама берейік:

  • Түсі
  • Көлемі
  • Пішіні
  • Сапасы

5) Оқулықпен жұмыс

14-жаттығу — өздік жұмыс.

6) Кесте бойынша жұмыс

Заттың белгісін білдіретін сын есімдерді кесте арқылы жүйелеу.

Заттың түсі

Мысалы: қызыл, жасыл, сары

Заттың көлемі

Мысалы: үлкен, кіші, ұзын

Заттың сапасы

Мысалы: жақсы, мықты, жұмсақ

Заттың дәмі

Мысалы: тәтті, қышқыл, дәмді

Заттың пішіні

Мысалы: домалақ, сопақ, төртбұрышты

7) Сурет бойынша әңгіме

Интерактивті тақтадағы суретке сүйеніп мәтін құрау.

Тапсырма

Құрастырған мәтіннен сын есімдерді тауып белгіле.

8) Жатқа жазу

Күмбірлеген әні бар,
Желкілдеген жалы бар.
Желдей жүйрік құлыншақ —
Желмен шапқан жануар.

Тапсырма

«Құлыншақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

9) Мәтін бойынша жұмыс

Мәтіндегі тілдік бірліктерді деңгейлеп талдау.

1-қатар

Сөз таптарына талдау

2-қатар

Сөз құрамына талдау

3-қатар

Сөйлем мүшесіне талдау

10) Оқулықпен жұмыс

16-жаттығу — өздік жұмыс.

11) Танымдық тапсырма

Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерінен сын есімдерді тауып жазу.

12) Сабақты қорыту

Білемін

Сын есімнің анықтамасын және түрлерін.

Не үйрендім?

Негізгі және туынды сын есімді ажыратуды, мәтіннен табуды.

13) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

14) Үй тапсырмасы

Тақырып: «Менің сыныбым»

Мәтін құрастыр да, сын есімдердің астын сыз.