Мұратхан Тәнекеев Ғажайып адам Сабақтың мақсаты

3-сынып

Сабақ тақырыбы

Мұратхан Тәнекеев — «Ғажайып адам»

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі: оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз туралы түсінік беру; оның өмірі мен спорттағы жетістіктері жөніндегі білімдерін кеңейту; мәтін мазмұнын ашып түсіндіру.
  • Дамытушылығы: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға және мазмұнын жүйелі баяндауға дағдыландыру.
  • Тәрбиелігі: шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі
Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері

Көрнекіліктер

  • Қ. Мұнайтпасовтың суреті
  • Бейнетаспа
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Қызығушылығын ояту

Шаттық шеңбері

Сабаққа әркез қатысып,
Білімді шыңдап көрейік.
Әрбір атқан таңменен,
Бөленіп нұрға жүрейік.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта берілген тапсырма: Ш. Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесі. Түсінік сұрау әр қатардан жүргізіледі. Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

«Бәйге» — сұрақтар

  • Интернат дегеніміз не?
  • Әңгіме кім туралы?
  • Әлтай неге кезекші болуға тырысады?
  • Әлтай кезекшілігін қалай атқарды?
  • Әлтай өз кінәсін түсінді ме?
  • Балалар қандай түс көрді?

II. Ой шақыру (Жаңа сабаққа кіріспе)

  • Бұл әңгімеде не туралы айтылды? Нан.
  • Нан бізге не үшін қажет? Денсаулығымыз мықты болу үшін.
  • Деніміз мықты болу үшін тағы не қажет? Спортпен шұғылдану.
  • Спорттың қандай түрлерін білесіңдер? Мысалы: күрес.
  • Күрескер адамды қалай атаймыз?
  • «Балуан» дегенде көз алдыңа қандай адам елестейді?
  • Балуандық саған ұнай ма? Неліктен?
  • Қандай атақты балуандарды білеміз? Қажымұқан.

Ендеше, бүгінгі сабақта Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» шығармасымен танысамыз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.

Автор туралы мәлімет

Мұратхан Тәнекеев

01.01.1928 — Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты ауылы.
28.12.2000 — дүниеден өтті.

Ғылыми-ұстаздық жолы

Педагогика ғылымының докторы, профессор. Дене тәрбиесі мен спорт тарихын зерттеген ғалым. Еңбектерінің бірқатары ағылшын, француз, неміс және моңғол тілдерінде жарияланған.

Шығармалары

  • «Қажымұқан»
  • «Бәйгеден Олимпиадаға дейін»
  • «Дене тәрбиесі мен спорт тарихы»

Қосымша дерек

Бұл кітаптың мазмұны негізінде 1980 жылы «Қажымұқан» атты көркем фильм түсірілді. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Дене тәрбиесі ілімі мен оқу әдістемесі кафедрасында профессор қызметін атқарды.

Толық нұсқасын жүктеу Жүктеу сілтемесін кейін қосуға болады