Физикалық диктант
Сабақ тақырыбы мен бағыты
Тақырыбы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Мақсаты
Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру, бірлесіп әрі үйлесімді әрекет етуге баулу.
Қолданылған модульдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Міндеттері мен күтілетін нәтиже
Міндеттері
- Денелердің өзара әрекеттесуін түсіну.
- Масса ұғымын және массаны есептеуге қатысты формуланы білу.
- Әсерлесу кезінде денелердің жылдамдықтарының қалай өзгеретінін талдау.
Күтілетін нәтиже
Білімділік
Оқушы масса ұғымын түсіндіреді, формулаға сүйеніп есептеулер жүргізеді және денелер әсерлескенде жылдамдықтың өзгеруін сипаттайды.
Дамытушылық
Жаңа тақырып бойынша алған білімін өздігінен түрлі жағдайларда қолдануға үйренеді; логикалық ойлауы дамып, жүйелі ойлауға және ізденуге дағдыланады.
Тәрбиелілік
Физикалық заңдылықтардың өмір құбылыстарымен тығыз байланысты екенін түсінеді; еңбектенуге және өз бетінше ізденуге ынталанады.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сынып оқушыларымен амандасу.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Үй тапсырмасын тексеру: «Тест».
Стратегиялар
Үй тапсырмасын тексеру: тест сұрақтары
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Жұптар бір-бірін бағалайды.
1. Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруін не деп атайды?
- а) Санақ жүйесі
- ә) Материялық нүкте
- б) Механикалық қозғалыс
2. .......... деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
- а) Санақ жүйесі
- ә) Материялық нүкте
- б) Механикалық қозғалыс
3. Күн жүйесінде неше планета бар?
- а) 6
- ә) 7
- б) 8
4. .......... деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
- а) Санақ жүйесі
- ә) Материялық нүкте
- б) Механикалық қозғалыс
5. .......... — дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
- а) Қозғалыс траекториясы
- ә) Материялық нүкте
- б) Орын ауыстыру
6. .......... — қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.
- а) Орын ауыстыру
- ә) Қозғалыс траекториясы
- б) Материялық нүкте
7. Жылдамдықтың формуласы
- а) s = v · t
- ә) t = s / v
- б) v = s / t
8. Жылдамдықтың өлшем бірлігі
- а) м/с
- ә) с
- б) м
9. Қозғалыс теңдеуі
- а) v = l / t
- ә) x = x0 + v · t
- б) s = v · t
10. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?
- а) Инерция
- ә) Кеңістік
- б) Уақыт
Топтық жұмыс: «Физикалық диктант»
1-топ тапсырмасы: оқушылар білімдерін жинақтап, өзін-өзі бағалау жүргізеді.
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу бөлімі сабақ материалдарына қосымша ретінде беріледі.