Солтүстік Қазақ жазығының өзендері

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар

Бұл сабақта Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорықтары туралы түсінік қалыптастырып, қорықтардың ғылыми зерттеу, білім беру және экологиялық туризм үшін маңызын айқындаймыз.

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі

  • Қазақстанның физикалық картасы
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

  • Биология
  • Жаратылыстану
  • Экология

Сабақтың мақсаты

а) Білімдік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорықтары туралы жалпы мағлұмат беру. Қорықтың қоршаған ортаны ғылыми зерттеуге, білім беру ісіне және туризмге арналған, экологиялық жағынан ерекше әрі мемлекет қорғауына алынған аумақ екенін түсіндіру.

ә) Дамытушылық

Оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеті мен шығармашылық дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Сатылай кешенді талдау
  • СТО
  • Кластер стратегиясы
  • СТН
  • Деңгейлеп оқыту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Сыныпты түгендеу

II. Үй жұмысын тексеру

  • 1-тапсырма: 1-топ — тест
  • 2-тапсырма: 2-топ — сәйкестендіру
  • 3-тапсырма: 3-топ — тақтамен жұмыс

Тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері қайсы?

  • а) Іле, Шу
  • в) Сырдария, Сарысу
  • с) Есіл, Ертіс
  • д) Жайық, Жем

2. Шөл зонасы Қазақстан аумағының қанша пайызын алып жатыр?

  • а) 30%
  • в) 40%
  • с) 25%
  • д) 65%

3. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі қайсы?

  • а) Бесшоқы
  • в) Боқтыбай
  • с) Бесбақан
  • д) Ұлытау