Армысыздар оқушылар
Тақырып
«Аяласаң, табиғатты аяла»
Мақсат
Табиғатты қорғау мен сақтаудың қажеттігі туралы ой қалыптастырып, оқушылардың ықыласы мен ынтасын арттыру.
Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікті күшейту, табиғаттағы сұлулықты көре білуге және одан эмоциялық әсер алуға баулу.
Өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болып қалыптасуға бағыт беру, экологиялық мәдениетті орнықтыру.
Тәрбие сағатының құрылымы
- 1 Ұйымдастыру.
- 2 Тақырыпты жариялау және мақсатты таныстыру.
-
3
«Табиғат дегеніміз не?» (саяхат–шолу):
- Тіршіліктің арманы — ауа
- Тіршілік көзі — су
- Табиғат байлығы — өсімдіктер
- Орман сәні — құстар
- Табиғаттың сұлу мүсіні — жануарлар
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Армысыздар, оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты сынып сағатымызды бастаймыз. «Табиғат», «Жер-ана», «Отан», «Туған жер», «Атамекен» — құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық ұялататын қасиетті сөздер. Адам — Табиғат пен Жер-ананың перзенті. Сондықтан Жер-ананы сүйіп, оны аялау — әр азаматтың борышы.
Табиғат — адамзаттың және жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Ол — сұлулықтың таусылмас көзі.
Бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық.
Табиғатпен амандасу
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Табиғат туралы түсінік
Адам — табиғаттың перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр.
Табиғат — бізді қоршаған орта, ортақ үйіміз. Адам табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді.
Табиғатты қорғау дегеніміз
- Ауаны ластамау.
- Құстарды аялау.
- Өзен-көлдердің суын бүлдірмеу.
- Жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Сұрақ
Табиғат дегеніміз не? Оған нелер жатады?
Жауап: ауа, су, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар және басқа да тіршілік иелері.
Оқушылардың өлең шумақтары
Арман
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямaу.
Қанымызға сіңген екен ананың сүтімен,
Туған жердің табиғатын аялау.
Айда
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Дамир
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Бекбол
Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
«Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын» деп,
Бабам айтқан орынды өсиетін.
Айжан
Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім — бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның?
Малика
Туған жерім, өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
Саяхат аялдамалары
1-аялдама: «Тіршіліктің арманы — ауа»
Негізгі ұғым: таза ауаТабиғат байлықтарының ішінде тіршілік атаулының өмір өзегі — ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат — алатын дем қымбат.
Шынында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ: адам небәрі бір-екі минут қана тыныс алмай тұра алады. Сондықтан халқымыз «Ауадай қажет» деп бекер айтпаған.
Ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау — әрқайсымыздың міндетіміз.
2-аялдама: «Тіршілік көзі — су»
Негізгі ұғым: су — өмірАл тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? Су — табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын баға жетпес байлық.
Жалғасы
Саяхаттың келесі аялдамалары өсімдіктер, құстар және жануарлар әлеміне арналмақ. Бұл бөлімдерде табиғаттың әр бөлшегін қорғаудың нақты жолдары талқыланып, экологиялық мәдениетке бастайтын әрекеттер нақтыланады.