Сюжеттік композиция құра білуге үйрету

Сабақ туралы мәлімет

Тәрбиеші

Жалпаксаринова Айгерим Амантаевна

Топ

Ортаңғы топ

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлім

Жапсыру

Тақырып

«Көгалдағы балапан»

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Жапсырмалау туралы түсінік қалыптастыру, балаларды жапсырма жасауға үйрету.
  • Қолдың ұсақ моторикасын және қиялын дамыту.
  • «Көгалдағы балапан» композициясын жырту әдісі арқылы орындауға үйрету.
  • Сюжеттік композиция құра білуге баулу.

Тәрбиелік

  • Зеректікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
  • Қамқорлық пен аялау сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Дүниетанымды кеңейту.
  • Шығармашылық ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу

Сөздік жұмыс

Көгал, балапан, сары, мамық

Қостілдік компонент

Көгалдағы балапан — Цыплёнок на лужайке

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Құрал-жабдықтар

  • Желім
  • Қылқалам
  • Желімге арналған ыдыс
  • Қағаз қалдықтарын салатын қорап
  • Таза шүберек
  • Түрлі түсті (баспа) қағаздар
  • Фломастер

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Ойыншық балапан

Негізгі ой

Балапандар көгалда шөп пен жем шоқып жүреді. Олар әдемі әрі мамық, сондықтан оларды әрқашан аялауымыз керек.

Сабақ кезеңдері

1) Ой қозғау (ұжымдық жұмыс)

«Шаттық шеңбері»

Қайырлы күн, көк аспан!

Қайырлы күн, жер ана!

Қайырлы күн, жан досым!

Жылуыма жылу қос — міне менің қолым!

«Сиқырлы қорап» тапсырмасы

Ортаға бір бала шығып, сиқырлы қораптан сурет таңдайды. Таңдалған суретке байланысты жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Өзі сары, өзі мамық,
Тауықтың баласы.
Оның аты…

Жауабы: балапан

Қонақпен танысу

Балаларға қонаққа балапан келеді. Әр бала балапанға жылы сөз айтады (мысалы: «Менің атым Айша, сен қандай мамықсың!»).

Сюжеттік кіріспе

«Көгалдағы балапандарға қонаққа барайық». Балапандар көгалда шөптің арасында жүр, жем шоқып жүр. Оларды қорғап, аялау керек.

Осы әсерді қағаз бетіне жапсырма арқылы түсіреміз.

2) Сергіту сәті

Бас бармағым — басшысы,

Балан үйрек — жалғасы,

Ортан терек — ағасы,

Шылдыр шүмек — кезекші,

Кішкентай шынашақ — көмекші.

3) Жұмыс барысы (жапсыру)

  1. 1-қадам: Көк түсті қағазды ұсақ бөліктерге жыртамыз — ол бұлт болады.
  2. 2-қадам: Жасыл түсті қағазды ұсақ бөліктерге жыртамыз — ол шөп болады.
  3. 3-қадам: Сары түсті қағазды ұсақ бөліктерге жыртамыз — балапанның денесін құрастырамыз.
  4. 4-қадам: Фломастермен көзін және аяқтарын саламыз.

4) Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін бізге қонаққа не келді?
  • Балапанның түсі қандай?
  • Біз қайда «саяхат» жасадық?
  • Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс

  • Жапсырмалау тәсілдерін.
  • Умаждау және жырту әдістерін қолдана отырып, балапан бейнесін жасай алуды.

Игеруі тиіс

  • Топпен жұмыс істей білуді.
  • Композиция құрастыруды.