Қосу амалының компоненттерін ата
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Бұл сабақта қосындыны санға көбейту тәсілдері пысықталып, үлестірімділік қасиеті арқылы есептерді әртүрлі жолмен шығару дағдылары қалыптастырылады.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Көрнекіліктер
- Үлестірме қағаздар
- Дидактикалық тапсырмалар
- Үнтаспа
- Слайдтар
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2) Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық-іскерлік дағдыларын жетілдіру.
3) Коррекциялық
Математикалық тілін және сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
4) Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға тәрбиелеу және ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Сабақ барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тапсырмалардың орындалуын талдау, қателермен жұмыс.
-
III. Қызығушылығын ояту
Талқылау сұрағы: «Білімді болу дегеніміз не?»
-
IV. Өткен сабақты қорытындылау (№1 слайд)
- Көбейту дегеніміз не?
- Көбейту амалының компоненттерін ата.
- Бөлу амалының компоненттерін ата.
- Қосу амалының компоненттерін ата.
- Азайту амалының компоненттерін ата.
-
V. Мағынаны тану (№2 слайд)
Тақырып: қосындыны санға көбейту — көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
Сұрақ
(5 + 3) × 2 жазуы нені білдіреді?
Сұрақ
5 × 2 + 3 × 2 жазуы нені білдіреді?
Негізгі идея: (a + b) × c = a × c + b × c. Бұл қасиет есептеуді жеңілдетеді және тиімді тәсілді таңдауға көмектеседі.
-
VI. Оқулықпен жұмыс (№1 тапсырма)
Мысалдарды шығару және нәтижелерді салыстыру. Тапсырма «Саяхатқа шығу» түрінде ұйымдастырылады.
Бәйтерек
560 : 8
Музей
200 × 4
Мұнай өндіру
650 − 90
Алматы қонақ үйі
600 : 3
Оқжетпес
800 − 15
Бағдар бағыты
Астана — 650, Көкшетау — 200, Алматы — 560, Атырау — 800, Өскемен — … (маршрутты толықтыру)
Сұрақ: Бәйтеректің символы қандай?
Бәйтерек — өмір мен өркендеудің символы. Биіктігі 97 м, шардың диаметрі 22 м. Шардың ішінде Президент қолының ізі орналасқан.
-
VII. Топтық жұмыс (№2 тапсырма)
Тапсырмаларды топпен талқылап, шешу жолдарын қорғау.
-
VIII. Тақтамен жұмыс (№3 тапсырма)
Өрнектерді қолайлы тәсілмен есептеу.
-
IX. Бекіту (№4 тапсырма)
Өрнектерді жазып, мәндерін табу.
-
X. Өз бетімен жұмыс (№6 тапсырма)
Теңдеулерді шешу.
-
XI. Тақтамен жұмыс (№7 тапсырма)
Есеп құрастыру және шығару.
-
XII. Тіл дамыту
Логоритмика элементтері арқылы тіл дамыту жұмыстары.
-
XIII. Шығармашылық тапсырма
Тіл дамытуға және ана тілі сабағымен байланысқа арналған өлең жолдарының авторларын анықтау. Ол үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз: дұрыс жауап тұрған тұста өлең авторының аты көрсетіледі.