Суреттер арқылы топқа бөлу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән мұғалімі
Сарбасова Ж.
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Ағылшын тілі
Тақырыбы
“Fruits”

Мақсаты

  • Балаларды жемістердің атауларын үш тілде (қазақша–орысша–ағылшынша) айта білуге үйрету және жемістердің түстерін ажырата білуге дағдыландыру.
  • Талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

ағылшын–орыс–қазақ сөздіктері кубик түсқағаздар плакат суреттер видео

Сөздік жұмысы

Сабақ барысында балалар жемістердің атауларын үш тілде айтады және түстерін сәйкестендіреді.

Алма — яблоко
apple
Банан — банан
banana
Алмұрт — груша
pear
Апельсин — апельсин
orange

Іс-әрекет кезеңдері

Шаттық шеңбері

Айтылым (chant)

Good morning, Good morning, Good morning to you. Good morning, Good morning, We are glad to see you!

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Күз — осень — autumn

Күзде жапырақтар сарғаяды және т.б.

Ұйымдастыру-іздестіру

Өткен оқу қызметін қайталау

Кубиктің көмегімен 1-ден 10-ға дейін санау.

1 2 3 10

Ғажайып сәт

Есікті біреу тоқылдатып жатқан сияқты. Кәне, көрейікші кім екен?

Қонақ: Қызыл телпек

«Мен әжеме жеміс-жидек алып бара жатырмын. Әжем Англияда тұрады. Бірақ мен жемістердің атауын ағылшын тілінде айта алмаймын. Маған көмектесесіңдер ме?»

Жаңа тақырып: Fruits

Негізгі ұғым

Жеміс — фрукты — fruits

  • apple — алма
  • banana — банан
  • pear — алмұрт
  • orange — апельсин

Түстерді анықтау (сұрақтар)

  • Алманың түсі қандай?
  • Бананның түсі қандай?
  • Алмұрттың түсі қандай?
  • Апельсиннің түсі қандай?

Күтілетін жауап үлгілері

  • Алма — қызыл red
  • Банан — сары yellow
  • Алмұрт — жасыл green
  • Апельсин — қызғылт сары orange

Көз жұмбақ ойыны

Балалар көздерін жұмып, кәрзеңкедегі жемістерді қолымен ұстап, атауын атайды.

Сергіту сәті

One, two, three, Clap, clap, clap. One, two, three, Jump, jump, jump. One, two, three, Sleep, sleep, sleep. One, two, three, Sit down, sit down, sit down!

Балалар, қараңдаршы: Қызыл телпек бізге сыйлық қалдырып кетіпті. Қызыл телпекке не дейміз? Thank you!

Суреттер арқылы топқа бөлу және орталықтармен жұмыс

1) Өнер тобы

Видео арқылы өлең жаттайды:

Apple is red. Banana is yellow. Orange is orange. Pear is green. Two big apples Under the tree One is for you One is for me

2) Әдеби тобы

Жемістердің суреттерін сәйкестендіріп, бояйды.

  • Сәйкестендіру
  • Бояу

3) Құрылысшы тобы

Суреттерді құрастырады (пазл/құрастыру жұмысы).

4) Шығармашылық тобы

Ұсақ қағаздар арқылы түстерді ажырата отырып, банан мен апельсинді жапсырады.

Қайталау

Балалар кубик арқылы 1-ден 10-ға дейін санауды қайталайды.

Қызыл телпекпен бірге жемістердің атауларын хормен қайталап айтады.

Рефлексия және түзету жұмысы

«Мына ағаштар солып, жеміс салмай тұр екен. Суарып көмектесеміз бе?» — балалар ағаштарға «жеміс өсіруге» көмектеседі.

Тапсырма

Үстел үстіндегі суреттерді алып, әрқайсысын өз ағашына сәйкес жапсырады.

Ағылшын тіліндегі нұсқаулық

  • Glue apples to the apple tree.
  • Glue pears to the pear tree.
  • Glue oranges to the orange tree.
  • Glue bananas to the banana tree.

Жапсыру барысында балалар қай ағаш екенін және қандай жемісті жапсырып жатқанын ағылшын тілінде айтады.