Жақсы оқитын оқушылар
География, 6-сынып: «План және карта» (жұлдызды сағат)
Ойын формасындағы сабақ құрылымы, сұрақ-жауап және тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімді бекітуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
1) Білімді толықтыру
Оқушылардың план және карта туралы білімін жүйелеу және кеңейту.
2) Дағды қалыптастыру
Бағдарлауды, азимутты қолдануды және қашықтықты өлшеуді үйрету.
3) Тәрбиелік бағыт
Табиғатты қорғауға, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарына баулу.
Көрнекіліктер мен әдіс
Көрнекіліктер
- Тұсбағар (компас)
- Топографиялық карта
- Интербелсенді тақта
Әдіс
Сабақ «жұлдызды сағат» форматындағы ойын түрінде өткізіледі: топтық бәсеке, жылдамдық тапсырмалары, тест және қорытынды финал.
Топқа бөлу
1-топ
Өте жақсы оқитын оқушылар.
2-топ
Жақсы оқитын оқушылар.
3-топ
Орташа оқитын оқушылар.
Сабақ 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде ұпай/жұлдыз жинау арқылы финалға іріктеу жасалады.
I кезең: «Бәйге» ойыны
Сұрақ-жауап
1-топ оқушылары 2-топ оқушыларына сұрақтар қояды:
- 1.Азимут дегеніміз не?
- 2.Бағдарлау дегеніміз не?
- 3.Азимут бойынша қалай жүреді?
- 4.Қашықтықты немен өлшейді?
- 5.Масштаб дегеніміз не?
- 6.Қандай масштаб түрлерін білесің?
- 7.План дегеніміз не?
- 8.Абсолюттік биіктік дегеніміз не?
- 9.Салыстырмалы биіктік дегеніміз не?
- 10.Горизонталь дегеніміз не?
Перфокартамен жұмыс (3-топ)
№1
План дегеніміз не?
№2
Картада нені бейнелейді?
№3
Деңгейлегіш қандай аспап?
№4
План мен карта не үшін керек?
II кезең: «Солтүстік – оңтүстік» ойыны
3-топ оқушыларын қатар-қатар тұрғызады. Жүргізуші (консультант) «солтүстік», «оңтүстік», «батыс», «шығыс» деп айтқанда, әр оқушы тиісті көкжиек тұсына қарап отыруы керек. Қателескен оқушыға қосымша сұрақ қойылады.
III кезең: «Кім тез?» ойыны
1-топ
Алматы және Астана қалаларының координаталарын табу.
2-топ
Астана–Алматы, Алматы–Талдықорған арақашықтығын өлшеу.
3-топ
Алматы, Талдықорған, Астана қалаларының географиялық орнын анықтау.
IV кезең: Тест тапсырмалары
-
1. Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған орнын және жүру бағытын анықтау:
- а) бағдарлау
- ә) азимут
- б) горизонталь
- в) масштаб
-
2. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгенін көрсететін сан:
- а) азимут
- ә) масштаб
- б) бағдарлау
- в) горизонталь
-
3. Жер бедеріндегі салыстырмалы биіктік қандай аспаппен өлшенеді?
- а) азимут
- ә) бергштрих
- б) деңгейлегіш
-
4. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық:
- а) азимут
- ә) бағдарлау
- б) масштаб
- в) горизонталь
-
5. Солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы өтетін шеңберлер:
- а) меридиан
- ә) параллель
- б) масштаб
- в) азимут
-
6. Меридиандарды көлденең кесіп өтетін шеңберлер:
- а) меридиан
- ә) параллель
- б) азимут
- в) масштаб
-
7. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор:
- а) меридиан
- ә) масштаб
- б) градус торы
- в) горизонталь
-
8. Картада жер бедері қалай бейнеленеді?
- а) түрлі бояумен
- ә) масштаб
- б) горизонтальмен
- в) бергштрихпен
-
9. Ендік пен бойлықтан тұратын ұғым:
- а) меридиан
- ә) параллель
- б) бергштрих
- в) географиялық координат
-
10. Ылдидың бағытын не анықтайды?
- а) меридиан
- ә) параллель
- б) бергштрих
- в) горизонталь
V кезең: «Өртенген жер» және жылдамдық ойындары
«Өртенген жер» ойыны
1 және 2-топтан екі оқушы шығады. Консультант белгілі бір нүктенің координатасын айтып, сол жерде «өрт болып жатыр» деп хабарлайды. Нүктені бірінші болып тапқан оқушыға жоғары ұпай беріледі.
Жылдамдық ойыны (3-топ)
3-топтан екі оқушы шығып, «План және карта» тақырыбына қатысты 5 сөз жазады. Ең жылдам жазған оқушы көбірек ұпай алады.
Қорытынды және финал
Финалға ең көп жұлдыз жинаған оқушылар өтеді.
Финал тапсырмасы
Екі оқушы өзенге (бастау, саға) және тауға (шың және т.б.) қатысты сөздерді жазады. Көп әрі тез жазған оқушы жеңімпаз атанады.