Жақсы жарайсыңдар

Ашық сабақ: «Ертегілер әлемі»

Топ
«Күншуақ» ересек қазақ тобы
Білім беру салалары
Қатынас, Таным
Бөлім
Драма
Мақсаты
Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, драмалық қойылымды ойнай білу дағдыларын қалыптастыру; жыл мезгілдері, айлар және апта күндері бойынша білімдерін қорытындылау.
Сөздік жұмыс (билингвалдық компонент)
Ертегі, кейіпкер
Қажетті құралдар
Жыл мезгілдерінің суреттері, ертегілер көрмесі, баяу әуен және қосымша көрнекіліктер

Мотивациялық-ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Амандасу — үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік достарға!

Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар!

Сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту

  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бүгін аптаның нешінші күні?
  • Кеше аптаның нешінші күні болды?
  • Ертеңгі күн қалай аталады?
  • Апта күндерін атап беріңдер.
  • Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
  • Айлар қалай аталады? Бір жылда неше ай болады?
  • Қазір қай жыл мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Қыста далада қандай ойын ойнайсыңдар? Қардан не жасайсыңдар?
  • Қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?
  • Алда қандай мереке күтіп тұр?

Жарайсыңдар, балалар! Керемет жауап бердіңдер — бәрін жақсы білесіңдер.

Іздену-ұйымдастырушылық кезеңі

Ғажайып сәт: хат келді

Балалар, тыңдайықшы… Біреу келе жатқан сияқты. Есік қағылды.

Почтальон:

Сәлеметсіздер ме! Мен бұл балабақшаның атауын білмей келіппін. Айтыңыздаршы, бұл балабақша қалай аталады? Ал осы топтың атауы қандай?

Рахмет сізге, хатты жеткізгеніңіз үшін. Қане, балалар, хатта не жазылғанын оқиық.

Хат:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді Ертегілер әлеміне қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін табуларың керек.»

Керемет! Ендеше, жұмбақтардың шешуін табайық.

Сергіту сәті

Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік —
Болар сонда тамаша!

Ендеше, Ертегілер әлеміне барып қайтайық!

Ертегілерді еске түсіру

Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

«Мақта қыз бен мысық» «Бауырсақ» «Шалқан» тағы басқа ертегілер

Драмалық қойылым: «Қызыл телпек»

Ендеше, осы ертегілердің ішінен «Қызыл телпек» ертегісін драма арқылы ойнайық. Балалар рөлдерге бөлініп, қойылымды сахналайды.

Маңызды дағды:

  • Кейіпкерлерді дауыс ырғағымен жеткізу
  • Сахнада өзін еркін ұстау
  • Тілдік қарым-қатынасты дамыту

Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы білесіңдер.

Ойын: «Тышқан мен мысық»

Тобымызға қайтпай тұрып, бір ойын ойнайық. «Тышқан мен мысық» ойынына қалай қарайсыңдар?

Жақсы! Ендеше бастайық.

Топқа оралу

Ендеше, топқа қайтайық. Белсене қатысқандарың үшін рақмет!

Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

Қорытындылау сұрақтары

  • Қайда бардыңдар?
  • Бізге хатты кім әкелді?
  • Қандай ертегіні ойнадыңдар?
  • Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?

Мекеме

Ақмола облысы, Есіл қаласы, №3 «Балбөбек» бөбек-балабақшасы» МКҚК

Дайындаған

Мұратхан Гүлбақша