Әңгіменің авторы кім

Сабақ туралы мәлімет

Өңір

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті

Мектеп

Владимир Комаров атындағы орта мектеп

Пән / Сынып

Ана тілі, 4-сынып

Мұғалім

Таджибаева Салима Агиловна, бастауыш сынып мұғалімі

Көңіл күйді ояту

Біз бүгін баламыз. Өсіп, алға барамыз. 2030 жылдары біз де азамат боламыз.

Үй тапсырмасы: сұрақтар мен пысықтау

Қайталау сұрақтары

  1. Біз «Ана тілі» оқулығының қай тарауын оқып жатырмыз?
  2. «Арпалыс» мәтінінің авторы кім?
  3. Сәкен Сейфуллиннің қандай өлеңдерін білесің?
  4. Мұхтар Әуезов кім?
  5. Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» деп отырғандары нелер?
  6. Қайрат Рысқұлбеков кім?
  7. Мұратхан Тәнекеев қандай мәтін жазды?
  8. Нығмет Ғабдуллин туралы не білесің? «Комбат» кім?
  9. Ұлы Отан соғысының батырлары кімдер?
  10. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

«Арпалыс» әңгімесін талдау

  • Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталған?
  • Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың?
  • Қандай көлік қана жүре алды?
  • Бақтыбай інісін неге ауылға жіберді?
  • Қайрат үйіне қалай жетті?
  • Балалардың іс-әрекетін қалай бағалайсың?

Жаңа сабақ: «Қар астындағы ұялар»

Жұмбақ

Тал басында түндіксіз отау.

Жауабы: ұя

Оқулықпен жұмыс

  • «Ненің ізі?» ойыны: берілген аңның суреттегі ізін шатастырмай табу.
  • Әңгімені түсініп оқу.

Оқу тәсілдері

  • Оқушылар тізбектеп оқиды.
  • Мұғалім мазмұндайды.

Мазмұн өзегі (қысқаша тірек сөздер)

Қыс мезгілі Аңшының әңгімесі Шілдер Құр, кекілік Іздер Қоян, тышқан Бақылау

Суреттермен жұмыс

Кейіпкерлер мен құстардың тіршілігін суреттер арқылы талдап, қардағы іздердің нені білдіретінін анықтау.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш — қолға жинап күш.

Біз бақытты баламыз, әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс

Мәтін бойынша қысқаша жоспар құру, негізгі сөздерді теріп жазу, сөйлемдерді сауатты рәсімдеу.

Сөздік жұмысы

Шіл
Құс.
Ғайып
Жоқ болып кету.
Кеуек
Қоянның іні.

Топпен жұмыс: ұғымдарды кеңейту

Шіл туралы

Шіл — үй кептерінен сәл үлкендеу, сұр түсті құс. Денесінде қара, қоңыр-қызғылт және ақшыл дақтар мен жолақтар көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен. Төбесінде қозғалып тұратын қауырсын айдары болады.

Аңшы туралы

Аңшы — мерген, өз еңбегімен күн көреді. Еңбексүйгіш, өлі табиғаттағы құбылыстарды жақсы біледі. Шыдамды, төзімді, көпті көрген адам.

Жаңа тақырыпты пысықтау

  • Әңгіменің авторы кім?
  • Аңшы кім, ол не істейді?
  • Қыста құстар қалай тіршілік етеді?
  • Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетпей қалады?

Қорытындылау: тест тапсырмалары

1. «Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім?

  • А) Мұхтар Әуезов
  • Ә) Зейнолла Шүкіров
  • Б) Сәкен Сейфуллин
  • В) Мұқан Иманжанов

2. Абайды әлемге танытқан кім?

  • А) Мұхтар Әуезов
  • Ә) Спандияр Көбеев
  • Б) Ахмет Байтұрсынұлы
  • В) Сәкен Сейфуллин

3. Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талап қайсы?

  • А) Табиғаттың суреттелуі
  • Ә) Оқиғалардың өзара байланысты болуы
  • Б) Кейіпкерлердің болуы
  • В) Тарихи оқиғаның суреттелуі

4. Исатай мен Махамбет батырлар заманында билік құрған хан кім?

  • А) Абылай
  • Ә) Кенесары
  • Б) Қасым
  • В) Жәнібек

5. Қабанбай мен Бөгенбай есімдерімен байланысты тарихи кезеңді ата.

  • А) Желтоқсан оқиғасы
  • Ә) Ұлы Отан соғысы
  • Б) Жоңғар шапқыншылығы
  • В) Аштық жылдары

6. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім?

  • А) Коммунар Табит
  • Ә) Мұхтар Шоқан
  • Б) Бейімбет Майлин
  • В) Шерхан Мұртаза

Біле жүрейік: халықтық болжамдар

Боранның белгісі

Құр мен шіл қар астына қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады.

Аяздың белгісі

Өрістен қайтқан қой езуіне шөп тістеп келсе, қыс аязды болады.

Қыстың қаттылығы

Қоянның бүйірі майлы болса, қыс аязды болады.

Маусымдық байланыс

Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.

Слайд материалдары

Сабаққа арналған презентацияны жүктеп, тапсырмалар мен суреттерді бірге қолдануға болады.