Қазақтың жыраулары кімдер

Сабақ барысы: кезең-кезеңімен жоспар

Бұл сабақ оқушының бұрынғы білімін еске түсіріп, жаңа ұғымдарды нақтылап, мәтінмен жұмыс арқылы түсінігін тереңдетуге және шығармашылық ойлауға бағытталған.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа психологиялық және оқу құралдары бойынша дайындығын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Зымыран сұрақтар»

Оқушы сұрақ қояды, сынып жауап береді. Мақсат — шешендік сөздер туралы білімді жылдам еске түсіру.

  1. 1.Шешендік сөз дегеніміз не?
  2. 2.Шешендік сөздерге нелер жатады?
  3. 3.Қазақтың шешендерін атаңдар.
  4. 4.Төле би кім?
  5. 5.Төле би қай кезеңде өмір сүрген?
  6. 6.«Не тәтті?» әңгімесін кім мазмұндайды?

III. Жаңа сабаққа кіріспе: бағыттаушы сұрақтар

Атақты қазақ билерін атаңдар.

Олар қай ғасырда өмір сүрген?

Биыл қай жыл?

Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?

Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?

Негізгі ұғым: «Толғау»

Толғау — қазақ әдебиетінде, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі кездесетін жанр. Толғауда ақын өмір, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық пен жамандық туралы ой қозғап, ақыл-өсиет, насихат айтады.

Сөздікпен жұмыс

Сөз тіркестерін құрау және оларды қатыстырып сөйлем жасау. Мақсат — жаңа ұғымдарды ауызша тілде белсенді қолдану.

Дәптер жұмысы және мәтінмен жұмыс

  • Күнді және тақырыпты дәптерге жазу.
  • Мәтін абзацтарын кезекпен оқу.
  • Оқылған бөліктер бойынша сұрақ қою және жауап беру.

Мәтін бойынша негізгі түсініктерді бекіту

Жырау — өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырыпсалмалық пен шешендік қабілеті қатар дамыған дарынды ақын; дуалы ауыз шешен, ақылгөй, ойшыл тұлға.

Жыршы — жыр айтушы әрі таратушы; көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар өнерпаз. Жырды домбыра немесе қобыз сүйемелімен мақамдап, әндетіп орындайды.

Жыр — көне түркі тіліндегі «иыр» сөзінен тараған атау. Жыраулар шығармасын көбіне ақыл-нақыл, өсиет түрінде жеткізген.

Негізгі өкілдер: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б.

Шалкиіз жырау — қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзияның атасы саналады.

Тірек сызба бойынша әңгімелеу

Мәтіндегі ұғымдарды тірек сызбаға сүйеніп жүйелеу: анықтама → ерекшелік → өкілдер → мысалдар.

Ойтолғаныс: Венн диаграммасы

Сұрақ: жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар? Ортақ белгілер мен айырмашылықтарды Венн диаграммасы арқылы көрсету.

«Поэзия стратегиясы»: дыбыс пен құрылымның қуаты

Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизм, дыбыс үндестігі, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер мол. Арнау түріндегі сөз қолданыстары да жиі кездеседі. Терең философиялық ойды жеткізу үшін жыраулар ұйқас пен ырғақты мақсатқа сай таңдап, өлеңнің музыкалық сазын күшейткен.

Мысал: Қазтуған

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

Бұл үзіндіде «ж» дыбысының қайталануы әуезділікті арттырып, образды қоюлатады.

Мысал: Жиембет жырау

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім сені есірткен,

Есіл менің кеңесім,

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Мұнда «е» дыбысы арқылы жасалған қайталым билік пен мінезді әшкерелеуге қызмет етеді.

XXI ғасыр жырауы болсаң…

Оқушыға бағытталған сұрақ: егер сен XXI ғасырдың жырауы болсаң, нені жырлар едің? Мысалы: егемендік, бірлік, отансүйгіштік, елдің болашағы, білім мен еңбек құндылығы.

Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы ретінде берілген тапсырма: кез келген бір әріптің дыбыстық мүмкіндігін көркем тәсілмен «сөйлете білу». Кім дайындап әкелді — сынып алдында оқиды.

Грамматикалық тапсырма: түбірлес сөздер

Мақсаты — кітаппен жұмыс істей отырып, түбірлес сөздерді табу (флипчартта/тақтада).

Жыр

жырау, жыршы, жырлау

Ел

елдік, елші

Ой

ойшыл, ойлану

Қосымша материал: жыраулар туралы деректер

Кестедегі мәліметті дәптерге көшіріп жазу және сыныпта талқылау.

Жыраулар Өмірдерек Еңбектері Тақырыптары
Асан қайғы Шын аты — Хасан Сәбитұлы. Ірі жырау, би. Желмая түйесі болған. 1361 жылы Еділ бойында туған. Әкесі Сәбит — саятшы. Керей мен Жәнібек хандарды жақтаған. 1470–1485 жылдары аралығында Сарыарқа, Ұлытауда қайтыс болған деген дерек айтылады. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп» және т.б. Адамгершілік, ел бірлігі, татулық, халықтың ерлігі мен тұтастығы.
Қазтуған Сүйіншіұлы Қол бастаған батыр, ел басқарған би. 1420 жылдары Еділ бойында, қазіргі Астрахань өңірінде дүниеге келген. 1460–1480 жылдары Қазақ Ордасы құрамына енген. Кейінгі өмірі туралы нақты дерек толық сақталмаған. «Мадақ жыры», «Алаң да, алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім» және т.б. Ерлік, бірлік, адамгершілік, елдік рух.
Бұқар жырау 1668 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Әкесі — Қалқаман батыр. 1781 жылы Баянауылдағы Далба тауында қайтыс болған. «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай, Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз» және т.б. Ел мен жерді қорғаған батырлар, ел басқарған хандар, ақыл-өсиет, қоғамдық ой.

Бақылау: тест сұрақтары

Тақырыпты бекіту үшін 2 нұсқада тест беріледі. Оқушылар таңдаулы жауап арқылы білімін көрсетеді.

1-нұсқа

  1. 1. Жыр қандай түрде айтылады? (жатқа / жазбаша / көркем / қара / қаратпа)
  2. 2. Шешендік сөздер — (ауыз әдебиетінің бір саласы / өлең / тақпақ / жыр / мақал-мәтел)
  3. 3. Шешендік сөздерге не жатады? (әңгімелер / мысалдар / суреттер / жырлар / тілектер, даналық сөздер)
  4. 4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? (12–18 / 13–18 / 15–18 / 5–10 / 18–20)
  5. 5. Қазақтың жыраулары кімдер? (Абылай / Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би / Абай / Мұхтар / Ыбырай)
  6. 6. Жырау деп кімді айтады? (ғалымды / данышпан адамды / терең мағыналы ой толғайтын кемел ақынды / ұрысқа, соғысқа / патриоты)
  7. 7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады? (5 / 8 / 15 / 17 / 18)
  8. 8. «Өсиет» сөзінің аудармасы: (совет / этапы / agiter / назидание / почитали)
  9. 9. Шешендік сөздер дегеніміз не? (үлгілі ойлар, тұжырымдар / мақалдар / сөздер / түйіндер / әндер)
  10. 10. Жыраулар поэзиясының атасы: (Асан қайғы / Бұқар / Қазтуған / Шалкиіз / Жиембет)

2-нұсқа

  1. 1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? (12–18 / 13–18 / 15–18 / 5–10 / 18–20)
  2. 2. Шешендік сөздер дегеніміз не? (үлгілі ойлар, тұжырымдар / мақалдар / сөздер / түйіндер / әндер)
  3. 3. Жыр қандай түрде айтылады? (жатқа / жазбаша / көркем / қара / қаратпа)
  4. 4. Жыраулар поэзиясының атасы: (Асан қайғы / Бұқар / Қазтуған / Шалкиіз / Жиембет)
  5. 5. «Насихаттау» сөзінің аудармасы: (совет / этапы / agiter / назидание / почитали)
  6. 6. Шешендік сөздерге не жатады? (әңгімелер / мысалдар / суреттер / жырлар / тілектер, даналық сөздер)
  7. 7. Шешендік сөздер — (ауыз әдебиетінің бір саласы / өлең / тақпақ / жыр / мақал-мәтел)
  8. 8. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады? (5 / 8 / 15 / 17 / 18)
  9. 9. Жырау деп кімді айтады? (ғалымды / данышпан адамды / терең мағыналы ой толғайтын кемел ақынды / ұрысқа, соғысқа / патриоты)
  10. 10. Қазақтың жыраулары кімдер? (Абылай / Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би / Абай / Мұхтар / Ыбырай)

Ой қорыту және рефлексия

«Өткенді тұжырымдап қорыту» стратегиясы арқылы сабақ бойындағы негізгі ұғымдар мен дәлелдер қайта жүйеленеді. Оқушы не үйренгенін, не қиын болғанын, нені жақсартуға болатынын айтады.

«Ұлы адамдар» стратегиясы: өмірден өнеге

Асан қайғы

Желмаясына мініп, кең байтақ қазақ жерін аралап, Жерұйықты іздеген. Елді ну орманды, шалғынды, жайлы қонысқа орналастыруды армандаған. Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.

Қазтуған

Жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан. Батыр әрі ел басқарған би ретінде де танылған.

Бұқар жырау

«Ата-анаңды сыйла, үлкенді құрметте, кішіге қамқор бол» деген мазмұндағы өсиеті арқылы ұрпақаралық сыйластықтың мәнін айқындайды: өзіңнен бұрынғыларды құрметтесең, өзіңнен кейінгілер де сені құрметтейді.

Үй тапсырмасы, бағалау, қорытынды

Үй тапсырмасы

Жыраулар туралы қосымша мәлімет жинау.

Бағалау

Тест, ауызша жауап, мәтінмен жұмыс және шығармашылық тапсырма нәтижесіне сүйеніп бағалау.

Қоштасу

Сабақ соңындағы мәдени қоштасу және келесі сабаққа бағыт беру.