Күй атасы кім
Мақсаты
Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тілдің ұлттық қадір-қасиет екенін ұғындыру; ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Қабырға газеті
- Ақын-жазушылардың суреттері
Кіріспе
Тіл — адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Демек, тілдің адамнан айырылмас серік екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланады. Әр адам өз ойын өзге біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын да тіл арқылы түсінеді.
Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтас кескін-келбеті мен болмысы. Халықтың тарихта қалуы да тіліне, тілінің сақталуына тікелей байланысты.
«Жан көріністерінің ең қымбаты — ой, ой тілі — сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны…»
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды ететін басты қаруымыз — тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі».
Кез келген мемлекеттің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де — сол елдің ана тілі. Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Негізгі ой
Тіл — халық тарихы. Тіл — ұлттық қазына. Тіл — намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
Заңнамалық негіз
Қабылданды
1989 ж. 22 қыркүйек
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды.
Қайта өңделді
1997 жыл
Заң жаңа редакцияда қайта қаралды.
Құрылымы
6 тарау, 22 бап
4-бапта қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп белгіленген.
Ендеше, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды анық жеткізе білсек — нұр үстіне нұр.
Автор туралы
Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, Новомарковка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Жайтикова Динара Тілектесқызы.