Абайдың жеті атасы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы • М. Шаханов атындағы жалпы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақтың тақырыбы
А. Құнанбаев — «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Ұлы Абай мұрасын оқушының ой-санасына сіңіру, өлеңнің мағынасын терең меңгерту. Қазақ халқының саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік
Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру. Құсбегілік өнерін қадірлеуге баулу.
3) Дамытушылық
Сөйлеу мен тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу дағдысын және мәтінмен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі мен типі
- Сабақтың типі: жаңа сабақ
- Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау, лекция, пікір алмасу, тест, мәтінмен жұмыс.
Көрнекіліктер
Оқулық, буклеттер, кеспе қағаздар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
- «Тарланым» өлеңін жаттау және талдау.
- Метафора туралы түсінік.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақтың бас ақыны, асқан поэтикалық қуаттың иесі, халықтың мақтанышы — Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғаймыз. Абай — туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай сүйген ұлтжанды дана ақын. Ол өз халқын ғылым мен білімге үндеп, өркениетті жұрттар қатарына қосылуына күш салған ұлы ойшыл. Сондықтан Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы ретінде терең тану — әр ұрпақтың парызы.
Сұрақ-жауап (Абай туралы)
1) Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
1845 жылы, Семей облысы (қазіргі Абай ауданы), Шыңғыс тауы өңірінде туған.
2) Ескіше туған жылы қалай аталады?
Жылан жылы.
3) Абайдың шын аты кім?
Ибраһим.
4) Әкесі, шешесі, әжесі және жеті атасы
Әкесі — Құнанбай, шешесі — Ұлжан, әжесі — Зере (Тобықты руы). Жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.
Білім жолы мен мұрасы
5) Абай қайда оқып, білім алды?
Он жасынан ауылда мұсылманша сауат ашып, он үш жасында Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесінде оқыған. Көп кітап оқып, өз бетінше ізденген, орыс тілін меңгеріп, әлем әдебиеті мен ғылымына жол ашқан.
Абайдың өсиеті:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
6) Абайдың қанша қара сөзі бар?
45 қара сөзі бар.
7) «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды?
Мұхтар Әуезов.
Өлең туралы кіріспе
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» — 1897 жылы жазылған. Өлеңде көшпелі қазақ өміріндегі сүйікті кәсіптің бірі — саятшылық, яғни тазы жүгіртіп, қыран құс салу суреттеледі. Ақын аң-құсты бей-берекет қыру емес, табиғатпен үйлескен, қағидасы бар дәстүрлі өнерді көрсетеді.
Абай тұлғасы туралы қысқаша түйін
Абай (1845–1904) — ақын, аудармашы, сазгер, ойшыл, гуманист, ағартушы. Ол қазақтың көркем жазба әдебиетінің негізін қалап, әдеби тілді бейнелі сөздермен байытты. Абай поэзиясы имандылыққа, терең адамгершілікке, әділет пен ақиқатқа тәрбиелейді.
Нақыл ойлары
- «Адамды, Алланы, әділетті сүй.»
- «Әкеңнің баласы емес, адамның баласы бол.»
- «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос.»
Абай — сыншыл реализм өкілі
Ақын қоғамды түзетуді, пайдалы еңбек ететін, мәдениетті жас ұрпақ тәрбиелеуді көздеді. Оның басты құралы — өлең, сөз өнері болды.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Өлеңнен үзінді (қысқартылып алынды)
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...
Сөздікпен жұмыс
- Қансонар — жаңа жауған қардағы із.
- Ғанибет — қызық, тамаша, көңіл көтерерлік.
- Аңдағанда — аң ізіне түсу, із кесу.
- Томаға — бүркіттің көзін жауып тұратын бас киімі.
- Қырымнан — алыстан, қашықтан.
- Құя — қыран құстың аяғына тағылатын бау-әбзел (оқушыға түсіндіріледі).
Саятшылық жөніндегі негізгі ойлар
- Саятшылық — табиғатпен үйлескен, тәртібі мен мәдениеті бар дәстүрлі өнер.
- Бүркітті баптау, қағу, томаға тарту, құс мінезін тану — үлкен жауапкершілік.
- Мақсат — олжа ғана емес, өнердің көркемдігін, дәлдігін, сабырын ұғыну.
Бүркіт жасының атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары дәстүрлі түрде төмендегідей бөлінеді:
Көркемдік тәсіл: шендестіру
«Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл…» жолдарында шендестіру тәсілі қолданылған. Бұл — кереғар құбылыстарды қатар қойып, бейненің әсерін күшейтетін айшықтау түрі.
Өлең құрылысына талдау
- Өлең 12 буынды, қара өлең ұйқасына жуық өрнекте берілген.
- Өлең тармақтардан тұрады; 4 тармақ — 1 шумақ.
- Тармақ — бунақтарға, бунақ — буынға жіктеледі.
- Тармақ соңындағы үндестік ұйқас жасайды.
Абай — көпқырлы тұлға
Қырлары
Философ, ақын, композитор, жазушы, классик, аудармашы, сазгер, дана ұстаз, қарасөздің шебері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Аудармалары
Абай аудармаларын жеке тақырып етіп оқытуға болады. Мысалы, Лермонтовтың 27 өлеңін қазақ тіліне аударған.
Оқушыларға сұрақ
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Мысалы: «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай».
Insert стратегиясы бойынша бекіту
Оқушылар тақырып бойынша: не білетінін, не үйренгенін және нені білгісі келетінін жүйелейді.
Білемін
Тақырыпқа дейінгі білім, таныс ұғымдар.
Білдім
Мен үшін жаңа ақпарат, нақты тұжырымдар.
Білгім келеді
Келесі ізденіске бағыттайтын сұрақтар.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Н. Назарбаевтың пікірі
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
М. Әуезовтің сөзі
«Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім».
Халық даналығы
«Даналықты іздесең, Абайды оқы, ерінбе».
Түйін: Ел болашағының нық болуы үшін білім қажет. Тік тұрып, еңсемізді түсірмеудің жолы — ой-өрісті кеңейтіп, рухани мұрадан қуат алу.
V. Үй тапсырмасы
- Оқулықтан 27–29-беттерді оқу.
- «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің 3 шумағын жаттау.
- Сөздік сөздерді жаттау.
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.