Келді міне, Жаңа жыл

Мақсаты

  • Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру және өлең-тақпақ айтуға үйрету.
  • Сұрақтар қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып, ойларын бекіту.
  • Мереке кезінде ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді. Көрініс ретінде мультфильм үзіндісі ұсынылады: «Ну, погоди!» (Қоян мен Қасқыр).

Көрініс: Қасқыр мен Қоян

Қасқыр

Келді тағы Жаңа жыл, Қуантумен біздерді. Құтты болсын қуаныш, Құттықтаймыз сіздерді!

Қоян

Ал, қанеки, балалар, Босқа қарап тұрмайық. Ортаға кеп бәріміз, Би билеп, ән шырқайық!

Музыкалық номер

Хор: «Аяз ата» әні.

Қоян

Сәлем, достым, аман ба? Шырша құрып алаңға, Жылға шашу шашайық, Тойлап көңіл ашайық!

Қасқыр

Қоян, сен тақпақ айтып тұрсың ба? Ха-ха-ха! Біздің балалар да тақпақ айта алады!

Балалардың тақпақтары

Аңсар

Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы — Көз тоймайды қараса.

Гүлім

Жаңа жыл, Жаңа жыл — Тамаша тойымыз. Алақай, алақай — Өседі бойымыз!

Нұрхан

Жасыл шырша төрдегі, Дейді: «Бәрің көр мені!» Кеткен әсем құлпырып, Ойыншықтар тұр тұнып.

Құралай

Ақ таяғын таянып, Таңмен бірге оянып, Аяз ата келіп тұр — Ақ көрпеге оранып.

Самир

Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне, сұлу шыршамыз — Көптен күтіп, сағынған.

Ғани

Жаңа жыл, Жаңа жыл — Жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Билеп жүр бар бала жүр.

Автор туралы

Кішкенебаева Динара Асқаровна — Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.

Материал: «Келді міне, Жаңа жыл!» ертеңгілігі.