ҚМҚК 42 Тілек балабақшасыӨткізген

ҚМҚК №42 «Тілек» балабақшасы

Өткізген: Сакенова К.С.

Тақырыбы: «Ана тілім – бал тілім»

Кіріспе

Жүргізуші: Ана тілім – дана тілім, айбарлым. Сырың терең, тұнығындай қайнардың. Ана тілім – қасиетім, қастерлім. Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын.

Ақындар жырлағандай, халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы — сан ғасырлық тарихы бар қасиетті тіл. Бүгінгі «Ана тілім – асыл мұрам» атты тақырыптық сабағымыз ана тілі мен өнеріне арналады.

Тіл мерекесі туралы әңгіме

Сұрақ-жауап

Жүргізуші: Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз?

Балалар: Тіл күнін.

Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес, 22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдер күні ретінде аталып келеді. Ендеше, осы тіл мерекесіне арнап ән-жыр, тақпақтарымызды тарту етейік.

Тақпақтар: «Ана тілім»

Бекзат

Менің тілім — біреу-ақ, Сөйлейтін де, жазатын. Тауып қойған тілеуі-ақ, «Қазақ» деген өз атын. Дариядай пейілі — Тілі, діні, жыры да.

Дильназ

Ана тілім — ана күтім, арым менің, Сәулетім, сая бағым, сәнім менің. Аспаным өзіңменен арайланып, Нұрланып атар ылғи таңым менің.

Алан

Тілім барда мақтанам, Тілім менің — аппақ ән. Бірлігімде бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Дильназ Т.

Ана тілім — ұраным, Ана тілім — құралым. Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым.

Аңсар

Ана тілім — менің Әлдилеген әнім. Ана тілім — демім, Ана тілім — жаным.

Сайлау А.

Желеп-жебеп піріміз, Таза болсын деніміз. Жауқазындай жалынып, Өркендесін тіліміз!

Диалог: Тіл не үшін керек?

Дильназ:

Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр. Осы тіл не үшін керек?

Ислам:

Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Дильназ:

Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде неге сөйлемейді? Неге «ана тілі» деп бөледі?

Ислам:

Себебі әр елдің өз Отаны, өз тілі бар.

Сұрақ-жауап

Жүргізуші: Балалар, сендер бір-біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?

Балалар: Қазақ тілінде, ана тілімізде сөйлесеміз.

Жүргізуші: Неге біз өз тілімізді «ана тілі» дейміз?

Балалар: Себебі бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.

Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі — ананың ақ сүтімен бойға дарыған, өз анамыздың тілі. Ал ана — бәрінен де қастерлі, аяулы, асыл жан.

Ортақ ән: «Ана тілін сүйеміз»

Тіл — ұлттың тірегі

Жүргізуші: Тіл халықпен бірге өмір сүріп, бірге дамиды. Әр ұлттың тілі — оның бақыты, тірегі.

Тақпақтар

Лиза

Ақыл-ойын дараның Ана тілден аламын. Ана тілім — ардақты, Ақ сүтіндей анамның.

Максим

Ақыл-ойын дананың Ана тілден аламын. Сүйем туған тілімді, Мақсат етем әр сөзін.

Диана

Ана тілім — елім, Қайсар қайрат, күнім. Ана тілім — менің Баста бақыт құсым.

Ақерке

Ана тілім — ерлігім, Ана тілім — елдігім. Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім.

Рахат

Ана тілін біліп қой — Бостандығың, теңдігің. Ана тілін біліп қой — Мақтанышың, елдігің.

Ислам

Келе жатқан мәңгілік дара салтым, Мақтанышым — елдігім, парасатым. Сенсіз, тілім, теңі жоқ тіршілігім, Өміріме өң беріп жарасатын.

Ән: «Ананың тілі — аяулым менің»

Мақал-мәтелдер

Жүргізуші: Ана тілі туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Олжас

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

Асуан

Піл көтермейді, тіл көтереді.

Анель

Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз.

Нұрлыбек

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

Дана

Өнер алды — қызыл тіл.

Малик

Тілден биік асқар жоқ, тілден терең теңіз жоқ.

Туған жерге тағзым

Жылжыған жылдар көшімен, Тербетіп мені, туған жер. Өсірген алтын бесік ең, Өлең боп, жыр боп есілем.

Ән: «Туған жер»

Көрініс: Тазша бала

Тазша бала балалармен амандасып, әкелген жұмбақтарын жасырады, санамақ айтқызады.

Қорытынды ой

Жәнібек

Ана тілі — біздің туған анамыз, Анамыздай сыйлап бағып қағамыз. Ана тілін бағаласақ қалай біз? Өзіміздің солай болмақ бағамыз.

Абылай

Ана тілді білмесем, Шат-шадыман жүрмес ем. Жер бетінде сайраңдап, Қазақ болып жүрмес ем.

Нұрсұлу

Өсірген ой-білімді, Сүйем туған тілімді. Мақсат етем әр сөзін, Мәнін терең білуді.

Жүргізуші

Балалар, өлең-тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді қадірлеп, сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде — ұлт та, ел де, жер де бар. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін құрметтейік, қадірлейік.